"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылға Қызылорда қаласының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары А.Қайруллаевқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қызылорда қаласы | |
әкімінің міндетін атқарушы | А. Шәменов |
Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 4828 қаулысына қосымша |
2016 жылға Қызылорда қаласының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі
1. 50 жастан асқан жұмыссыз тұлғалар.2. Отбасында бірде-бірі жұмыс істемейтін тұлғалар.
3. Бір жылдан ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар.
4. Техникалық және кәсіби білім беру орындарының түлектері.