2016 жылға Қызылорда қаласының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 4828 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 қаңтарда № 5327 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 04 мамырдағы № 5291 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 04.05.2016 № 5291 қаулысымен (қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға Қызылорда қаласының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары А.Қайруллаевқа жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Қызылорда қаласы
      әкімінің міндетін атқарушы А. Шәменов

  Қызылорда қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 11 қаңтардағы
№ 4828 қаулысына қосымша

2016 жылға Қызылорда қаласының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі

      1. 50 жастан асқан жұмыссыз тұлғалар.
      2. Отбасында бірде-бірі жұмыс істемейтін тұлғалар.
      3. Бір жылдан ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар.
      4. Техникалық және кәсіби білім беру орындарының түлектері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады