"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Арал ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып "Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі айқындалсын.
2. Қосымшаға сәйкес мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi бiрыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстар айқындалсын.
3. "Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары Р. Өтешовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Арал ауданы әкімінің | |
міндетін атқарушы | М. Оразбаев |
Арал ауданы әкiмдігiнiң 2016 жылғы " 5 " мамырдағы № 91-қ қаулысына қосымша |
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi бiрыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстар
№ р/р | Атауы |
1. | Жұмыстар: |
1.1 | Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу |
1.2 | Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру |