2016 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 мамырдағы № 91-қ қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 мамырда № 5509 болып тіркелді. 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Арал ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып "Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі айқындалсын.
      2. Қосымшаға сәйкес мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi бiрыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстар айқындалсын.
      3. "Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары Р. Өтешовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Арал ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы М. Оразбаев

  Арал ауданы әкiмдігiнiң
2016 жылғы " 5 " мамырдағы
№ 91-қ қаулысына қосымша

Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi бiрыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстар

№ р/р

Атауы

1.

Жұмыстар:

1.1

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу

1.2

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады