Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 қарашадағы № 63 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 желтоқсанда № 5664 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 қарашадағы № 138 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 03.11.2017 № 138 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы кодексінің 19-1-бабының 3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс VІІІ сессиясының төрағасы
Ә.Сарабеков
      Аудандық мәслихат хатшысы К.Назымбеков

  Қазалы аудандық мәслихатының
2016 жылғы "10" қарашадағы №63
шешімімен бекітілген

Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.
      2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
      3. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру үшін аудан әкімдігі комиссия (бұдан әрі-комиссия) құрады, оның құрамына аудан әкімінің салаға жетекшілік ететін орынбасары, тиісті мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардың өкілдері кіреді.
      Комиссияның жұмысшы органы "Қазалы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып (бұдан әрі-бөлім) табылады.
      Комиссия осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша иесіз қалдықтарды коммуналдық меншікке беру туралы акт жасайды.
      4. Иесіз қалдықтарды басқаруды бөлім жүзеге асырады.
      5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

      6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес бөлім дербес немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып:
      1) қалдықтардың қасиеттерін зерделеу;
      2) олардың деңгейін анықтау жұмыстарын жүргізеді.
      Сонымен қатар, бөлім Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес бағалау қызметі саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар жеке және
      (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып, қалдықтардың құнын анықтау жұмыстарын жүргізеді.
      Бөлім жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрында есепке алу үшін Қазалы ауданының әкімдігіне қалдықтардың көлемi, түрлерi, орналасқан жерi, жай-күйi және оларды басқару жөнiндегi қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты электрондық және қағаз тасымалдағыштарда есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша береді.
      7. Халықтың қалдықтарға қолжетімдігін алдын алуды, оларды оқшаулауды, олардың топырақ жамылғысына, су ресурстары мен атмосфералық ауаға теріс әсерiн азайту жөнiндегі шараларды бөлім қамтамасыз етеді.
      8. Егер Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес қалдықтардың қорытынды құны нөлге тең деп анықталса, онда мұндай қалдықтарға осы Қағидаларда қарастырылған тәртіппен оларды ақысыз негізде өткізу бойынша нормалар қолданылады.
      9. Қалдықтарды бөлім заңды және жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталатын бағалау құнынан төмен емес баға бойынша конкурс өткізу арқылы сатады.
      10. Конкурсты дайындауды және өткізуді бөлім жүзеге асырады. Қазалы ауданы әкімдігі конкурстық комиссияның құрамын бөлімдерінің, Қазалы ауданы әкімдігінің, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін қоса отырып қалыптастырады.
      11. Конкурстың шарттарын Қазалы ауданы әкімдігі анықтайды.
      12. Бөлім еркін нысандағы жазбаша өтініш негізінде конкурсқа әлеуетті қатысушыларға конкурсқа қойылатын қалдықтар объекті бойынша құжаттар пакетінің көшірмелерін ақысыз ұсынады.
      Құжаттар пакетін бөлім қалыптастырады және ол конкурстық ұсыныс әзірлеу үшін өтініш берушіге қажетті мынадай ақпараттан тұрады:
      1) қалдықтың тарихы туралы анықтама;
      2) қалдықтардың сандық-сапалық сипаттамасы туралы ақпарат;
      3) қалдықтардың қасиеттері туралы ақпарат;
      4) қоршаған ортаға әсері туралы ақпарат.
      13. Конкурс қатысушылардың аясы шектелмеген тобы арасында және ашық тәсілмен өткізіледі. Ашық конкурс өткізу туралы хабарландыру Қазалы ауданының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
      Конкурсты өткізу мерзімін бөлім конкурс жарияланып отырған қалдықтар объектісінің ерекшелігіне қарай, бірақ конкурсқа қатысуға конкурстық ұсыныстарды қабылдау аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей анықтайды. Хабарландырулар бір мезгілде Қазалы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
      14. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мыналарды қамтиды:
      1) конкурсты ұйымдастырушының атауы және қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау орнының мекенжайы;
      2) өткізу уақыты мен орны;
      3) қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі;
      4) конкурстың негізгі шарттары;
      5) конкурсқа шығарылатын қалдықтар объектісінің орналасқан жері мен қысқаша сипаттамасы;
      6) ақы төлеу үшін деректемелерді көрсете отырып, конкурсқа қатысу құқығы үшін қалдықтар объектісін бағалау құнының бір пайызын құрайтын жарнаның мөлшері.
      15. Қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді (бұдан әрі – өтінім) қабылдауды бөлім мерзімді баспа басылымдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап жүзеге асырады және өтінімдерді қарау күніне үш күнтізбелік күн қалғанда аяқталады.
      16. Әлеуетті қатысушылар өтінімдерін осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беттері нөмірленіп, тігілген түрде ұсынады, соңғы бетіне олардың қолдары қойылып, мөр басылып куәландырылады.
      Конкурсқа әлеуетті қатысушы қажет болған жағдайда конкурс шарттарының талаптарына сәйкес жұмысты орындау немесе қызмет көрсету үшін қосалқы мердігерлерді (бірге орындаушы) тартады, бірақ қызмет, жұмыс көлемінің үштен екі бөлігінен артық болмауы тиіс.
      17. Конкурсқа қатысушы өтінімдерді қараудың белгіленген мерзіміне үш жұмыс күні қалғанға дейін бөлімге жазбаша түрде хабарлай отырып, өз өтінімін кері қайтара алады.
      18. Қарау қорытындысы бойынша комиссия өтінімдерді қабылдау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Өтінімдерді қарау күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бөлім өтінім берушіге конкурсқа қатысуға жіберілгені туралы жазбаша хабарлама немесе дәлелді бас тарту жолдайды.
      19. Бөлім мынадай жағдайларда өтінім қабылдаудан бас тартады:
      1) осы Қағидалардың талаптарын бұза отырып өтінім беру;
      2) өтінім беруші өтінімінде жалған немесе дұрыс емес мәліметтер беру;
      3) өтінімде өтінім берушінің қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату (қайта өңдеу) үшін қажетті техникалық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және қаржы мүмкіндіктері (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5446 тіркелген) нысан бойынша салық, міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік салымдар бойынша берешектiң (бар) жоқ екендiгi туралы анықтама, қаржы мүмкіндіктерін растайтын құжат) бар екені немесе оларға ие болатыны туралы құжат жүзінде растаманың болмауы.
      20. Конкурсқа қатысуға дайындық бойынша шығынды қоса алғанда, конкурсқа қатысушылардың жұмсаған шығындары қайтаруға не өтелуге
      жатпайды. Бөлім конкурстың қорытындысы жарияланған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жеңімпаз деп танылмаған қатысушыларға конкурсқа қатысқаны үшін жарналарын қайтарады.
      21. Конкурсқа қатысуға жіберілген өтінім беруші конкурстық ұсыныс жасайды, оны бөлімге конверттерді ашу рәсіміне бір сағатқа дейінгі уақыттан кешіктірмей ұсынады. Бөлімге келіп түскен және конкурсқа жіберілген конкурстық ұсыныстар конкурсқа қатысушыларға кері қайтарылмайды.
      22. Конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсыныстар мыналарды қамтиды:
      1) өтінім берушінің конкурс өткізу тәртібіне және өтінім берушінің міндеттеріне қатысты осы Қағидалардың шарттарымен танысқандығы туралы растауы;
      2) жарғы көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
      3) әлеуетті қатысушының бірінші басшысын тағайындау (сайлау) туралы құжаттың көшірмесі;
      4) жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлердің тізбесі, қосалқы мердігерлерге берілген жұмыстардың көлемі мен түрлері (жұмысқа тартылған жағдайда);
      5) конкурсқа қатысу құқығына төленген жарна төлемін растайтын құжат (ақысыз өткізген жағдайда ұсынылмайды);
      6) әлеуетті қатысушының қолы қойылған баға ұсынысы;
      7) конкурс шарттарын орындауға бағытталуы тиіс бағдарлама (жобаны іске асыру мерзімдері, технологияны қолдану, қаржы мүмкіндіктері, экологиялық заңнамалар талаптарына сәйкестігі).
      23. Әлеуетті қатысушы конкурстық ұсынысты беттері нөмірленген, тігілген түрде ұсынады және соңғы парағына оның қолы қойылып, мөр басылып куәландырылады.
      24. Конкурстық ұсыныстар әлеуетті қатысушыға грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайды есепке алмағанда, тармақтардың арасында ешқандай да бір артық жазусыз, өшірусіз немесе қоса жазуларсыз ұсынылады.
      25. Әлеуетті қатысушы конкурстық ұсынысын конвертке мөр соғып бекітеді. Конвертте әлеуетті қатысушының атауы және заңды мекенжайы көрсетіледі.
      26. Конкурстық ұсыныстарды конкурстық комиссия конвертті ашқан күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде бағалайды.
      Конкурстық комиссияның шешімі хаттама түрінде ресімделеді. Хаттамаға конкурстың комиссия мүшелері қол қояды.
      27. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және ол қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берген кезде қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептелінеді.
      Конкурстық комиссияның кез келген мүшесі конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда өз пікірін білдіріп, оны жазбаша баяндайды және конкурс қорытындысының хаттамасына тіркелінеді.
      28. Конкурс жеңімпазын конкурстық комиссия мынадай негізгі критерийлер жиынтығы негізінде анықтайды:
      1) бағдарламаның іс-шаралары конкурс шарттарын орындауды қамтамасыз етуге тиісті (жобаны іске асыру мерзімдері, технологияларды пайдалану, қаржы мүмкіндіктері, экологиялық заңнамалар талаптарына сәйкестігі);
      2) баға ұсынысы.
      29. Конкурстың нәтижелері сол конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған мерзімді баспа басылымдарында жарияланады, сондай-ақ Қазалы ауданы әкімдігінің және бөлімнің интернет-ресурсында шұғыл түрде орналастырылады.
      30. Конкурсқа бір ғана өтінім беруші қатысқан жағдайда, конкурс өткізілген жоқ деп танылады.
      31. Конкурс өткізілген жоқ деп танылған кезде конкурстық комиссия объектіні конкурстан алып тастайды немесе конкурс өткізуді қайта белгілейді.
      Тек бір ғана өтінім берушінің қатысуына байланысты конкурс қайта өткізілген жоқ деп танылған кезде, бөлім конкурстық комиссияның ұсынысы бойынша мұндай өтінім берушімен келіссөздер және Қазалы ауданы әкімдігіне тиімді шарттар негізінде олар үшін тиімділігі конкурстық ұсыныста ұсынғаннан кем болмайтын жағдайда келісімшарт жасайды.
      32. Конкурс талаптарына сәйкес келетін бірде бір жоба ұсынылмаған жағдайда да конкурс өткізілген жоқ деп танылады.
      33. Конкурс жеңімпазымен шарттары Қазалы ауданы әкімдігімен келісілетін қалдықтарды сату туралы келісімшарт (бұдан әрі – Келісімшарт) жасалады. Келісімшарт қалдықтармен жұмыс істеу кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау және жалпы қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша, сондай-ақ конкурс жеңімпазының бөлім бекіткен нысан бойынша орындаған жұмыстары туралы есеп беруі бойынша міндеттемелерді қарастырады.
      Есеп бөлімге тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күніне дейін ұсынылады.
      Келісімшарт талаптары сақталмаған жағдайда бөлім оны Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен бұзады және конкурс өткізуді қайта жариялайды.
      34. Конкурс екі рет өткізілген жоқ деп танылған жағдайда бөлім осы Қағидаларда қарастырылған тәртіппен қалдықтарға ақысыз негізде іске асыру конкурсын жариялайды және өткізеді.
      35. Қалдықтарды сатудан тапқан бөлімнің қаражаты мемлекет кірісіне жіберіледі.
      36. Осы Қағидалардың 31-тармағымен көзделген негіздеме бойынша қалдықтарды ақысыз негізде іске асыру бойынша конкурс өткізілген жоқ деп танылған кезде қалдықтар талап етілмеген деп саналады.
      37. Бөлім талап етілмеген қалдықтарды кәдеге жарату және жоюды Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес аудандық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырады.

3. Қорытынды ережелер

      38. Коммуналдық меншiкке түскен қалдықтармен жұмыс iстеу процесінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

  Сот шешімімен коммуналдық меншікке
түскен болып танылған иесіз қалдықтарды
басқару Қағидаларына 1-қосымша
  нысан

Иесіз қалдықтарды коммуналдық меншiкке беру туралы акті

20__жылғы "___"________________
(жасалған уақыты)

______________________
(акт жасалған орын)

     
      Комиссия құрамында
      ____________________________________________________________________
      __________________________________________________________________
      20____ жылғы "____" _________ № _____ сот шешiмiнiң негiзiнде коммуналдық меншiкке мынадай құрамдағы:

Қалдық түрi

Саны
(тонна, м3, гектар ауданы)

Қалдықтың деңгейі және коды (қалдықтар сыныптамасы бойынша)

Орналасқан жері

Қалдықтардың жай-күйi туралы түсiндірме












      иесiз қалдықтардың қабылданғаны туралы осы актiнi жасады.

     

      Комиссия мүшелерi (Т.А.Ә, қолы):
      Мөрдің орны
      Аббревиатураның толық жазылуы:
      м3 - метр куб
      Т.А.Ә – тегі, аты, әкесінің аты

  Сот шешімімен коммуналдық меншікке
түскен болып танылған иесіз қалдықтарды
басқару Қағидаларына 2-қосымша
  нысан

Қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім

      1)______________________________________________________________
      (өтініш берушінің атауы)
      2)______________________________________________________________
      (өтініш берушінің заңды мекенжайы және негізгі қызмет орнының мекенжайы)
      3)______________________________________________________________
      (мемлекеттік тиістілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтылығы (жеке тұлғалар үшін)
      4)______________________________________________________________
      (басшылары немесе заңды тұлғалар иелері және өтініш берушіні ұсынатын
тұлғалар туралы мәлімет)
      5) Қазалы ауданы әкімдігімен анықталған конкурс шарттарын орындауға
қажетті өтініш берушінің техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкіндіктері туралы мәліметтер (салықтық берешектiң жоқ
екендiгi туралы анықтама, ақшалай қаражаттың болуы туралы банк анықтамасы) құжат жүзінде растама қоса беріледі.
      ________________             _______              _______
      (ұйымның атауы)              (қолы)              (Т.А.Ә.)
      Аббревиатураның толық жазылуы:
      Т.А.Ә – тегі, аты, әкесінің аты

Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность

Решение Казалинского районного маслихата Кызылординской области от 10 ноября 2016 года № 63. Зарегистрировано департаментом юстиции Кызылординской области 12 декабря 2016 года № 5664. Утратило силу решением Казалинского районного маслихата Кызылординской области от 3 ноября 2017 года № 138

      Сноска. Утратило силу решением Казалинского районного маслихата Кызылординской области от 03.11.2017 № 138 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      В соответствии с подпунктом 3) статьей 19-1 кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года "Экологический кодекс Республики Казахстан" и Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Казалинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1.Утвердить прилагаемые правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной
VIIІ сессии районного маслихата
А.Сарабеков
      Секретарь районногомаслихата К.Назымбеков

  Утверждены решением
Казалинского районного маслихата
от "10" ноября 2016 года №63

Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность

1. Общие положения

      1. Настоящие правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность (далее – Правила), разработаны в соответствии с Экологическим кодексом Республики Казахстан от 9 января 2007 года и определяют порядок управления бесхозяйным отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность (далее – отходы).
      2. Передача отходов в коммунальную собственность осуществляется на основании судебного решения.
      3. Для передачи отходов в коммунальную собственность акиматом района создается комиссия (далее – комиссия), в состав которой входят заместитель акима района осуществяющий курирование в данной области, представители соответствующих государственных органов и других организаций.
      Рабочим органом комиссий является государственное учреждение "Казалинский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог" (далее – отдел).
      Комиссия составляет акт о передаче бесхозяйных отходов в коммунальную собственность, по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.
      4. Управление бесхозяйными отходами осуществляется отделом.
      5. Управление бесхозяйными отходами – это деятельность по оценке, учету, дальнейшему использованию, реализации, утилизации и удалению отходов.

2. Порядок управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность

      6. Отдел самостоятельно или с привлечением физических и (или) юридических лиц, имеющих лицензию на выполнение работ и оказание услуг в области охраны окружающей среды, в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан о государственных закупках проводит работы по:
      1) изучению свойств отходов;
      2) определить их уровень;
      Также отдел с привлечением физических и (или) юридических лиц, имеющих лицензию на выполнение работ и оказание услуг в области оценочной деятельности, проводит работы по определению стоимости отходов в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан о государственных закупках.
      Отдел ежегодно до 1 февраля, следующего за отчетным годом, представляет в акимат Казалинского района информацию об объемах, видах, месторасположении, состоянии отходов и мерах, предпринимаемых по управлению ими, по состоянию на 1 января, следующего за отчетным годом, в электронном и бумажном носителях для учета их в государственном кадастре отходов производства и потребления.
      7. Меры по предотвращению доступа населения к отходам, их локализации, сокращению негативного влияния на почвенный покров, водные ресурсы и атмосферный воздух обеспечиваются отделом.
      8. Если в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан об оценочной деятельности итоговая стоимость отходов определена нулевой, то к таким отходам применяются нормы по их реализации на безвозмездной основе в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.
      9. Отходы реализуются отделом физическим и юридическим лицам путем проведения конкурса по цене не ниже оценочной стоимости, определяемой в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан об оценочной деятельности.
      10. Подготовка и проведение конкурса осуществляются отделом. Состав конкурсной комиссии формируется акиматом Казалинского районам с включением представителей отдела, акимат Казалинского района, заинтересованных государственных органов.
      11. Условия конкурса определяет акимат Казалинского района.
      12.Отдел безвозмездно предоставляет потенциальным участникам конкурса копии пакета документов по выставляемому на конкурс объекту отходов на основании письменного заявления в произвольной форме.
      Пакет документов формируется отделом и содержит следующую информацию, необходимую заявителю для разработки конкурсного предложения:
      1) справку об истории отхода;
      2) информацию о количественно-качественных характеристиках отходов;
      3) информацию о свойствах отходов;
      4) сведения о воздействии на окружающую среду.
      13. Конкурс проводится открытым способом и среди неограниченного круга участников. Объявление о проведении открытого конкурса публикуется на государственном и русском языках в периодическом печатном издании, распространяемом на всей территории Казалинского района.
      Сроки проведения конкурса определяются отделом в зависимости от специфики объекта отходов, в отношении которого объявляется конкурс, но не позднее, чем за тридцать календарных дней до окончания приема конкурсных предложений на участие в конкурсе. Одновременно объявления размещаются на официальном интернет - ресурсе акимата Казалинского района.
      14. Объявление о проведении конкурса содержит:
      1) наименование организатора конкурса и адрес приема заявки на участие в конкурсе по реализации отходов;
      2) время и место проведения;
      3) срок подачи заявок на участие в конкурсе по реализации отходов;
      4) основные условия конкурса;
      5) месторасположение и краткое описание объекта отходов, выставляемого на конкурс;
      6) размер взноса за право участия в конкурсе, который составляет один процент от оценочной стоимости объекта отходов, с указанием реквизитов для его оплаты.
      15. Прием заявок на участие в конкурсе по реализации отходов (далее – заявка) осуществляется отделом со дня публикации в периодическом печатном издании объявления о проведении конкурса и заканчивается за три календарных дня до даты рассмотрения заявок.
      16. Заявки представляются потенциальными участниками по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам, в прошитом виде, с пронумерованными страницами, последняя страница заверяется их подписью и печатью.
      Потенциальный участник конкурса в случае необходимости привлекает субподрядчиков (соисполнителей) для выполнения работ либо оказания услуг в соответствии с требованиями условий конкурса, но не более двух третей объема работ, услуг.
      17. Участник конкурса может отозвать свою заявку за три рабочих дня до установленного срока рассмотрения заявок, письменно сообщив об этом отделу.
      18. По итогам рассмотрения комиссия принимает решение о приеме или отказе заявок.
      В течение трех рабочих дней с даты рассмотрения заявок, отдел направляет заявителю письменное уведомление о допуске для участия в конкурсе либо мотивированный отказ.
      19. Отдел отказывает в принятии заявок в следующих случаях:
      1) подачи заявки с нарушением требований настоящих Правил;
      2) представления заявителем в заявке недостоверных или неверных сведений;
      3) отсутствия в заявке документального подтверждения о том, что заявитель обладает или будет обладать техническими, организационными, управленческими и финансовыми возможностями (сведения об отсутствии (наличии) налоговой задолженности, задолженности по обязательным пенсионным взносам, обязательным профессиональным пенсионным взносам и социальным отчислениям по форме, утвержденной приказом Министра финансов Республики Казахстан от 29 декабря 2008 года № 622 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5446), документ, подтверждающий финансовые возможности), необходимыми для безопасной утилизации (переработки) отходов.
      20. Затраты, понесенные участниками конкурса, включая затраты по подготовке к участию в конкурсе, возврату либо компенсации не подлежат. Отдел возвращает взносы за участие в конкурсе участникам, которые не были признаны победителями, в течение десяти рабочих дней со дня объявления итогов конкурса.
      21. Заявитель, допущенный к участию в конкурсе, составляет конкурсное предложение, которое предоставляется в отдел не позднее, чем за час до процедуры вскрытия конвертов. Конкурсные предложения, поступившие в отдел и допущенные к конкурсу, не подлежат возврату участникам конкурса.
      22. Конкурсное предложение для участия в конкурсе содержит:
      1) подтверждение заявителя об ознакомлении с условиями настоящих Правил, касающихся порядка проведения конкурса и обязанностей заявителя;
      2) копию устава (для юридических лиц)
      3) копию документа о назначении (избрании) первого руководителя потенциального участника;
      4) перечень субподрядчиков по выполнению работ, объем и виды, передаваемых на субподряд работ (в случае привлечения);
      5) документ, подтверждающий оплату взноса за право участия в конкурсе (не предоставляется в случае безвозмездной реализации);
      6) ценовое предложение, подписанное потенциальным участником;
      7) программу, которая должна быть направлена на выполнение условий конкурса (сроки реализации проекта, применение технологий, финансовые возможности, соответствие требованиям экологического законодательства).
      23. Конкурсное предложение представляется потенциальным участником в прошитом виде, с пронумерованными страницами и последняя страница заверяется его подписью и печатью.
      24. Конкурсное предложение предоставляется без вставок между строчками, подтирок или приписок, за исключением тех случаев, когда потенциальному участнику необходимо исправить грамматические или арифметические ошибки.
      25. Потенциальный участник запечатывает конкурсное предложение в конверт. На конверте указывается наименование и юридический адрес потенциального участника.
      26. Оценка конкурсных предложений проводится конкурсной комиссией в течение пятнадцати рабочих дней со дня вскрытия конвертов.
      Решение конкурсной комиссии оформляется в виде протокола. Протокол подписывается членами конкурсной комиссии.
      27. Решение конкурсной комиссии принимается открытым голосованием и считается принятым, если на него подано большинство голосов от общего количества присутствующих членов конкурсной комиссии. В случае равенства голосов, принятым считается решение, за которое проголосовал председатель конкурсной комиссии.
      Любой член конкурсной комиссии, в случае несогласия с решением конкурсной комиссии, выражает свое мнение, которое излагается в письменном виде и прикладывается к протоколу итогов конкурса.
      28. Победитель конкурса определяется конкурсной комиссией на основе совокупности следующих основных критериев:
      1) мероприятия программы должны обеспечивать выполнение условий конкурса (сроки реализации проекта, применение технологий, финансовые возможности, соответствие требованиям экологического законодательства);
      2) ценовое предложение.
      29. Результаты конкурса публикуются в том же периодическом печатном издании, что и объявление о проведении конкурса, а также незамедлительно размещаются на интернет - ресурсе акимата Казалинского района и отдела.
      30. В случае участия в конкурсе только одного заявителя, конкурс признается несостоявшимся.
      31. При признании конкурса несостоявшимся, конкурсная комиссия снимает объект с конкурса или назначает повторный конкурс.
      При признании повторного конкурса несостоявшимся, виду наличия только одного заявителя, отдел, по рекомендации конкурсной комиссии, заключает с таким заявителем контракт на основе переговоров и условий, приемлемых для акимата Казалинского района, чем было предложено им в конкурсном предложении.
      32. Конкурс признается несостоявшимся также в случае, если не было представлено ни одного проекта, соответствующего требованиям конкурса.
      33. С победителем конкурса заключается контракт о реализации отходов (далее – Контракт), условия которого согласуются акиматом Казалинского района. Контракт предусматривает обязательства по соблюдению требований экологического законодательства Республики Казахстан при обращении отходами и в целом безопасному ведению работ, а также по представлению победителем конкурса отчета о выполненных работах по форме, утвержденной отделом.
      Отчет представляется отделу ежеквартально до десятого числа следующего месяца, за отчетным кварталом.
      В случае несоблюдения условий Контракта, отдел расторгает его в порядке установленном гражданским законодательством Республики Казахстан и повторно объявляет конкурс.
      34. В случае признания конкурса дважды несостоявшимся, отдел объявляет и проводит конкурс с реализацией отходов на безвозмездной основе в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.
      35. Средства, вырученные отдела от реализации отходов, направляются в доход государства.
      36. При признании конкурса по реализации отходов на безвозмездной основе несостоявшимся по основаниям, предусмотренным пунктом 31 настоящих Правил, отходы считаются невостребованными.
      37. Отдел осуществляет утилизацию и удаление невостребованных отходов в соответствии с экологическим законодательством Республики Казахстан за счет средств районного бюджета.

3. Заключительные положения

      38. В процессе обращения с отходами, поступившими в коммунальную собственность, соблюдаются требования, предусмотренные экологическим законодательством Республики Казахстан.

  Приложение 1
к Правилам управления бесхозяйными
отходами, признанными решением суда
поступившими в коммунальную
собственность
  форма

Акт о передаче бесхозяйных отходов в коммунальную собственность

"___" __________________20____г.
(дата составления)

________________________
(место составления акта)

      Комиссия в составе
      ___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
составили настоящий акт о том, что согласно судебному решению № _____
от "___" _____________ 20 __ года, в коммунальную собственность
приняты бесхозяйные отходы в следующем составе:

Вид отхода

Количество (тонн, м3, площадь в гектар)

Уровень, код отхода (по классификатору отходов)

Месторасположение

Комментарии о состоянии отходов







      Члены комиссии (Ф.ИО, подпись):
      Место печати
      Расшифровка аббревиатуры:
      м3 - кубический метр
Ф.И.О. – фамилия, имя, отчество

  Приложение 2
к Правилам управления бесхозяйными
отходами, признанными решением суда
поступившими в коммунальную
собственность
  форма

Заявка на участие в конкурсе по реализации отходов

      1._____________________________________________________________
      (наименование заявителя)
      2._____________________________________________________________
      (юридический адрес заявителя и адрес основного места деятельности)
      3._____________________________________________________________
      государственная принадлежность (для юридических лиц), гражданство
      (для физических лиц)
      4._____________________________________________________________
      (данные о руководителях или владельцах юридических лиц и лицах, которые будут представлять заявителя)
      5. Данные о технических, управленческих, организационных и финансовых возможностях заявителя, необходимых для выполнения условий конкурса, определенных акиматом Казалинского района (справка об отсутствии налоговой задолженности, банковская справка о наличии денежных средств) документально подтвержденные, прилагаются.
      __________________________        ________ _____________
(наименование организации)       (подпись)                               (Ф.И.О)
      Расшифровка аббревиатуры:
      Ф.И.О. – фамилия, имя, отчество