Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 қарашадағы № 138 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 қарашада № 6028 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 шілдедегі № 252 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 25.07.2022 № 252 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы кодексінің 19-1-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

      2. Қазалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 қарашадағы "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" № 63 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5664 тіркелген, № 100-101 (1389) "Тұран-Қазалы" газетінде және "Әділет" нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 21 желтоқсанында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы аудандық мәслихатының
кезекті XVIІ сессиясының төрағасы,
аудандық мәслихат хатшысы
К.Назымбеков

  Қазалы аудандық мәслихатының
2017 жылғы "03" қарашадағы
№ 138 шешімімен бекітілген

Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару" қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1 – бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

      2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Қазалы ауданының әкімдігі (бұдан әрі - әкімдік) жүзеге асырады.

      4. Қалдықтарды басқару мақсатында әкімдік мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі - Комиссия).

      Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде "Қазалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі белгіленеді.

      5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

      6. "Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.

      7. Талап етілмеген қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды әкімдік Комиссияның ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасынының талаптарына сәйкес аудандық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілген қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

      10. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады