Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Өзгент ауылдық округі әкімінің 28.04.2017 № 49 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Өзгент ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Өзгент ауылдық округінінің "Қандөз-Жаңақорған" трассасы мен "К-1" каналы аралықтағы 320 гектар, "Келінтөбе" магистралды каналы мен Ақсуат елді мекені аралығындағы 25 гектар, Ақсуат елді мекені мен "К-1" каналы аралығындағы 135 гектар жерлер мал жаятын орындар болып айқындалсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өзгент ауылдық | |
округінің әкімі | Н. Оспанов |