Мал жаятын орындарды айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Өзгент ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 38 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 қаңтарда № 5703 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Өзгент ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 49 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Өзгент ауылдық округі әкімінің 28.04.2017 № 49 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Өзгент ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Өзгент ауылдық округінінің "Қандөз-Жаңақорған" трассасы мен "К-1" каналы аралықтағы 320 гектар, "Келінтөбе" магистралды каналы мен Ақсуат елді мекені аралығындағы 25 гектар, Ақсуат елді мекені мен "К-1" каналы аралығындағы 135 гектар жерлер мал жаятын орындар болып айқындалсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өзгент ауылдық
      округінің әкімі Н. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады