"Мал жаятын орындарды айқындау туралы" Өзгент ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы №38 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Өзгент ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 49 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 мамырда № 5839 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жаңақорған ауданы Өзгент ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Мал жаятын орындарды айқындау туралы" Өзгент ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 38 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5703 болып тіркелген, 2017 жылы 31 қаңтарда "Жаңақорған тынысы" газетінде және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 8 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өзгент ауылдық
      округінің әкімі Н. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады