"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 344 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 40 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 тамызда № 5582 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 59 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 21.09.2016 № 59 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 344 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 23 желтоқсанда № 5271 болып тіркелді, "Тіршілік тынысы" газетінің 2015 жылғы 31 желтоқсанда № 101 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
      3-тармақтың 3), 12) - тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
      "3) ең төмен күнкөріс деңгейі – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қызылорда облысының Статистика департаменті " Республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін, мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;" ;
      "12) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы - "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаменті Сырдария аудандық бөлімшесі; ";
      7-тармақтың 14-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "14) әлеуметтiк тұрғыдан халықтың осал топтарынан бiлiм алушы студенттер, атап айтқанда:
      бала кезiнен мүгедектер, мүгедектер;
      жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушiлерi;
      көп балалы отбасылардың балалары;
      ата-анасының екеуi де зейнеткер болып табылатын балалар;
      ата-анасының бiреуi немесе екеуi I және II топтағы мүгедек болып табылатын балалар;
      оралмандардың отбасылары.";
      18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "18. Орта білім алғаннан кейін "Бакалавр" академиялық дәрежесін алу үшін, жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған "Магистр" академиялық дәрежесін алу үшін және Қазақстан Республикасының медициналық білім және ғылым ұйымдарында резидентурада медицина кадрларын дайындау үшін, өңірге қажет мамандықтар бойынша, әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан, күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алатын студенттерге оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек аудан жастарына тағайындалады.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың кезекті Аудандық мәслихаттың
      4 сессиясының төрағасы: хатшысы:
      О.Сейтмуратов____________ Е.Әжікенов_____________
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қызылорда облысының жұмыспен
       қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
       бағдарламалар басқармасы"
       мемлекеттік мекемесінің басшысы
       ______________ М.Дельмұханов
       "29" шілде 2016 жыл.

О внесении изменений в решение Сырдарьинского районного маслихата от 26 ноября 2015 года № 344 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Сырдарьинского районного маслихата Кызылординской области от 29 июля 2016 года № 40. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 18 августа 2016 года № 5582. Утратило силу решением Сырдарьинского районного маслихата Кызылординской области от 21 сентября 2016 года № 59

      Сноска. Утратило силу решением Сырдарьинского районного маслихата Кызылординской области от 21.09.2016 № 59 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" и постанавлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Сырдарьинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Сырдарьинского районного маслихата от 26 ноября 2015 года № 344 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 23 декабря 2015 года № 5271, опубликовано в газете "Тіршілік тынысы" 31 декабря 2015 года № 101) следующие изменения :
      в правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:
      подпункты 3), 12) пункта 3 изложить в новой редакции:
      "3) прожиточный минимум – необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзине, рассчитываемый Республиканским государственным учреждением "Департамент статистики Кызылopдинской области Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан;";
      "12) уполномоченная организация - Департамент "Межведомственный расчетный центр социальных выплат" - филиал Некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан" по Кызылординской области Сырдарьинское районное отделение;" ;
      подпункт 14) пункта 7 изложить в новой редакции:
      "14) студенты из числа социально-уязвимых слоев населения, а именно:
      инвалиды с детства, инвалиды;
      дети-сироты, дети, оставшиеся без попечения родителей;
      воспитанники интернатных организаций;
      дети из многодетных семей;
      дети, оба родителя которых являются пенсионерами;
      дети, у которых один или оба из родителей которых являются инвалидами I и II группы;
      семьи оралманов.";
      пункт 18 изложить в новой редакции:
      "18. Социальная помощь для оплаты обучения назначается молодежи района, студентам из числа социально уязвимых слоев населения, обучающихся по востребованным в регионе специальностям, по очной форме после среднего образования для получения академической степени "Бакалавр", по профессиональной учебной программе послевузовского образования, направленные на подготовку научных и педагогических кадров для получения академической степени "Магистр" и для подготовки медицинских кадров в резидентуре в организациях медицинского образования и науки Республики Казахстан.".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.
      Председатель очередной Секретарь
      4 сессии районного маслихата: районного маслихата:
      О. Сейтмуратов______________ Е. Ажикенов______________
      "СОГЛАСОВАНО"
      Руководитель государственного
      учреждения "Управление координации
      занятости и социальных программ
      по Кызылординской области"
      _______________ М.Дельмуханов
      "29" июля 2016 год.