Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 344 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 желтоқсанда № 5271 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 59 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 21.09.2016 № 59 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.
      2. Аудандық мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 10 сәуірдегі кезекті ХХVІІІ сессиясының № 224 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 16 сәуірде № 4635 болып тіркелді, "Тіршілік тынысы" газетінің 2014 жылғы 19 сәуірде № 29 жарияланған);
      "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 224 шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы кезекті ХХХХ сессиясының № 296 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 13 сәуірде № 4949 болып тіркелді, "Тіршілік тынысы" газетінің 2015 жылғы 15 сәуірде № 28 жарияланған) .
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудандық мәслихаттың кезектен Аудандық мәслихаттың
      тыс ХLVІ сессиясының хатшысы:
      төрағасы:
      Ш. Ерімбетов____________ Б. Маншарипов______________
      Қызылорда облысының жұмыспен
      қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
      бағдарламалар басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ––––––––––––––– М.Дельмұханов
      "26" қараша 2015 ж.

  2015 жылғы " 26 " қарашадағы
Сырдария аудандық мәслихатының
№ 344 шешiмiмен бекiтiлген

Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау ҚАҒИДАЛАРЫ

      1. Осы Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Әлеуметтiк көмек Сырдария ауданының аумағында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетiледi.

1. Жалпы ережелер

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
      1) арнайы комиссия – өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша Сырдария ауданы әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қызылорда облысының Статистика департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін, мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) жергiлiктi атқарушы орган – ауданның әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды және өзiн-өзi басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган (бұдан әрi - ЖАО);
      5) мереке күндерi – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;
      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;
      7) отбасының белсендiлiгiн арттырудың әлеуметтiк келiсiм шарты – ШАК тағайындау үшiн отбасы атынан әрекет ететiн еңбекке қабiлеттi жеке тұлға мен уәкiлеттi орган арасындағы тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм;
      8) отбасыға көмектiң жеке жоспары (бұдан әрi – жеке жоспар) – уәкiлеттi орган өтiнiш берушiмен бiрлесiп әзiрлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтiк бейiмдеу бойынша iс-шаралар кешенi.
      9) Өрлеу жобасы – отбасының еңбекке қабiлеттi мүшелерiнiң жұмыспен
      қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабiлеттiлерiн қоса алғанда, отбасы мүшелерiнiң (адамның), әлеуметтiк бейiмделуден өтуi шартымен отбасыға (адамға) шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы.
      10) өмiрлiк қиын жағдай – азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;
      11) уәкiлеттi орган – жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын " Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтiк бағдарламалар және азаматтық хал актiлерiн тiркеу бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
      12) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы - "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаменті Сырдария аудандық бөлімшесі;
      13) учаскелiк комиссия – әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
      14) шартты ақшалай көмек (бұдан әрi – ШАК) – отбасының белсендiлiгiн арттырудың әлеуметтiк келiсiмшарт талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретiн ақшалай нысандағы төлем;
      15) шектi мөлшер – әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi;
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 29.07.2016 № 40 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Осы қағидалардың мақсаттары үшiн әлеуметтiк көмек ретiнде ЖАО мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсiнiледi.
      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетiлген адамдарға әлеуметтiк көмек осы қағидаларда көзделген тәртiппен көрсетiледi.
      6. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетiледi.

2. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының тiзбесiн айқындау және әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерiн белгiлеу тәртiбi

      7. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының тiзбесi:
      1) Ұлы Отан соғысы қатысушылары және мүгедектерi;
      2) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдар, оның iшiнде:
      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi;
      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;
      басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда:
      бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;
      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар;
      3) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар, оның iшiнде:
      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер;
      әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының және iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар;
      Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар;
      4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталмаған адамдар;
      5) "Отан", "Даңқ" ордендерiмен наградталған, айырымның ең жоғары дәрежесi – "Халық қаһарманы" атағына, Қазақстан Республикасының құрметтi атақтарына ие болған азаматтар;
      6) мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеушiлер, үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балалар;
      7) саяси қуғын-сүргiн құрбандары, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргiннен зардап шеккен адамдар;
      8) "Алтын алқамен", "Күмiс алқамен" марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелi "Ана даңқы" ордендерiмен марапатталған көп балалы аналар;
      9) бiрге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның iшiнде орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндiзгi оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттiк жасқа толғаннан кейiн олар оқу орнын бiтiретiн уақытқа дейiн (бiрақ әрi дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейiн);
      10) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушiлерi;
      11) жан басына шаққандағы табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан төмен отбасылары;
      12) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудiң сүйемелдеу сатысындағы азаматтар;
      13) гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауырып, диспансерлiк есепте тұрған балалар;
      14) әлеуметтiк тұрғыдан халықтың осал топтарынан бiлiм алушы студенттер, атап айтқанда:
      бала кезiнен мүгедектер, мүгедектер;
      жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушiлерi;
      көп балалы отбасылардың балалары;
      ата-анасының екеуi де зейнеткер болып табылатын балалар;
      ата-анасының бiреуi немесе екеуi I және II топтағы мүгедек болып табылатын балалар;
      оралмандардың отбасылары.
      Адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздемелер;
      2) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келтiру не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың болуы;
      3) жергiлiктi өкiлдi органдар ең төмен күнкерiс деңгейiне еселiк қатынаста белгiлейтiн шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негiздеме болып табылады.
      4) отбасының жан басына шаққандағы табысы күнкерiс деңгейiнiң 60 пайызынан аспаған жағдайда.
      Арнайы комиссия әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарған кезде аудандық мәслихат бекiткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшiн негiздемелер тiзбесiн басшылыққа алады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 29.07.2016 № 40 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.
      9. Әлеуметтiк көмек атаулы күндер мен мерекелiк күндерге келесi мөлшерде:
      1) 9 мамыр – Жеңiс күнiне орай:
      Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерiне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерiне, екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 40 айлық есептiк көрсеткiш;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған адамдарға – 20 айлық есептiк көрсеткiш;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған адамдарға, сондай-ақ тылда 1941 жылғы 22 маусым –1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталмаған адамдарға – 30 айлық есептiк көрсеткiш;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне – облыстық бюджеттен бөлінген қаржы шегінде біржолғы әлеуметтік көмек.
      2) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргiн және ашаршылық құрбандарын еске алу күнiне орай:
      саяси қуғын-сүргiн құрбандарына, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргiннен зардап шеккен адамдарға – 3 айлық есептiк көрсеткiш;
      3) 15 ақпан - Ауғанстан аумағынан совет әскерлерiн шығару күнiне орай:
      бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерiне;
      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерiне;
      әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының және iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға 30 айлық есептiк көрсеткiш;
      4) 26 сәуiр - Чернобыль АЭС-iнде апатқа ұшырағандарды еске алу күнiне орай:
      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға – 30 айлық есептiк көрсеткiш;
      5) 29 тамыз-Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы iс-қимыл күнiне орай:
      Азаматтық немесе әскери мақсаттағы обьектiлердегi басқа да радияциялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан ядролық
      қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға - 30 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде көрсетiледi.
      10. Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерiне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерiне, екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, әлеуметтiк қолдау ретiнде, жылына бiр рет– шектi шама 40 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға шекті шама 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;
      "Отан", "Даңқ" ордендерiмен наградталған, айырымның ең жоғары дәрежесi – "Халық қаһарманы" атағына, Қазақстан Республикасының құрметтi атақтарына ие болған азаматтарға, айына – 1,9 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде көрсетiледi.
      11. Үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтiк көмек бiлiм беру кезеңiне тоқсан сайын – шектi шама 9 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде көрсетiледi.
      12. Өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына тұрмыстық қажеттiлiктерге әлеуметтiк көмек, жылына бiр рет - шектi шама 10 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде көрсетiледi.
      13. Әлеуметтiк көмектiң, әлеуметтiк келiсiм шарт негiзiндегi ШАК басқа, шектi мөлшерi – 55 айлық есептiк көрсеткiштен аспауы керек.
      14. Табиғи зiлзала немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек үшiн өтiнiш бiлдiру мерзiмi - табиғи зiлзала немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдай туындағаннан кейiн үш ай ағымында.
      15. Әрбiр жекеленген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектiң, әлеуметтiк келiсiм шарт негiзiндегi ШАК басқа, мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмектi көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.
      15-1. Отбасының әрбiр мүшесiне (адамға) арналған ШАК мөлшерi отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгiленген ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 60 пайызы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Отбасының белсендiлiгiн арттырудың әлеуметтiк келiсiмшарты қолданылатын және ШАК төленетiн кезеңде атаулы әлеуметтiк көмек төлеу тоқтатылады.
      Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшерi көрсетiлген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бiрақ оны тағайындаған кезден кейiн ғана қайта есептеледi.
      16. Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудiң сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға, қосымша тамақтануға әлеуметтiк көмек ай сайын шектi шама 10 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде көрсетiледi.
      17. Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гемотологиялық аурулармен ауырған диспансерлiк есепте тұрған балаларға дәрi-дәрмектер алуға әлеуметтiк көмек ай сайын шектi шама 7,6 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде көрсетiледi.
      18. Орта білім алғаннан кейін "Бакалавр" академиялық дәрежесін алу үшін, жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған "Магистр" академиялық дәрежесін алу үшін және Қазақстан Республикасының медициналық білім және ғылым ұйымдарында резидентурада медицина кадрларын дайындау үшін, өңірге қажет мамандықтар бойынша, әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан, күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алатын студенттерге оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек аудан жастарына тағайындалады.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 29.07.2016 № 40 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      19. Табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келтiрiлген жағдайда не әлеуметтiк мәнi бар аурулары болған жағдайда, өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қызылорда облысы бойынша ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен азаматтарға әлеуметтiк көмек, жылына бiр рет, әрбiр отбасы мүшесiне – 40 айлық есептiк көрсеткiш, бiрақ 150 еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде белгiленген шектi шамадан аспайтын мөлшерде көрсетiледi.

3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi

      20. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекiтетiн тiзiм бойынша көрсетiледi.
      21. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтiң әкiмiне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты;
      3) Осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтердi;
      4) адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;
      5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты ұсынады.
      22. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
      22-1. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтiң әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.
      23. Үмiткер "Өрлеу" жобасына қатысу үшiн жеке өзiнiң немесе отбасының атынан тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органға немесе ол болмаған жағдайда ауылдық округ әкiмiне жүгiнедi.
      24. Уәкiлеттi орган, ауылдық округ әкiмi не ассистент үмiткерге "Өрлеу" жобасына қатысу шарттары туралы консультация бередi және үмiткер қатысуға келiсiм берген жағдайда әңгiмелесу жүргiзедi.
      Әңгiмелесу жүргiзу кезiнде:
      1) үмiткердiң ШАК алуға;
      2) отбасы мүшелерiне олардың жеке мұқтаждықтары ескерiле отырып көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң түрлерi;
      3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк шаралары айқындалады.
      25. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша осы Қағиданың 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiне жiбередi. Кент, ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.
      26. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
      27. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
      28. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      29. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды
      шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
      30. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      Осы Қағидалардың 20 және 21-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе кент, ауыл, ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету, не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      31. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
      32. Белгiленген негiздемелердiң бiреуi бойынша әлеуметтiк көмек күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде қайта көрсетiлмейдi.
      32-1. Жан басына шаққандағы орташа табыс ШАК тағайындауға жүгiнген айдың алдындағы 3 айда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерiнiң санына және үш айға бөлу арқылы есептеледi және отбасының белсендiлiгiн арттырудың әлеуметтiк келiсiмшарты қолданылатын мерзiм iшiнде қайта қаралмайды.
      Бұл ретте отбасының жанбасына шаққандағы жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2009 жылғы 28 шiлдедегi № 237-ө бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудiң ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
      33. ШАК отбасының белсендiлiгiн арттырудың әлеуметтiк келiсiмшарты қолданылатын мерзiмге берiледi және үмiткердiң өтiнiшi бойынша ай сайын немесе үш ай үшiн бiр мезгiлде төленедi.
      ШАК-тың бiржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұратын жылжымайтын мүлiк сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтердi жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтiк келiсiмшарт бойынша мiндеттердi орындауға байланысты iс-шараларға ғана, оның iшiнде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және тағы басқа сатып алу), жеке кәсiпкерлiк қызметтi ұйымдастыруға қолданылуқа тиiс.
      34. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталғанда;
      2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарғанда;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      35. Әлеуметтiк көмек:
      1) алушы қайтыс болған;
      2) алушы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
      4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады;
      5) отбасының белсендiлiгiн арттырудың әлеуметтiк келiсiмшарты және (немесе) әлеуметтiк келiсiм шарты бойынша мiндетемелерiн орындамауы және бұзылуы.
      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      36. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.

5. Отбасының белсендiлiгiн арттырудың әлеуметтiк келiсiмшартын жасау

      37. Уәкiлеттi орган:
      1) құжаттарды ауылдық округ әкiмiнен немесе учаскелiк комиссиядан алғаннан кейiн бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушi ұсынған өтiнiштiң, құжаттардың электрондық көшiрмелерi бар өтiнiш берушiнiң электрондық iс макетiн қалыптастырады, отбасының әрбiр мүшесiне арналған ШАК-тың айлық мөлшерiн айқындайды;
      2) ШАК-ке құқығы айқындалғаннан кейiн бiр жұмыс күнi iшiнде осы Қағидалардың 40-тармағында көзделген жағдайларды және 1, 2-топ мүгедектерiн, оқушыларды, студенттердi, тыңдаушыларды, курсанттарды және күндiзгi оқу нысанындағы магистранттарды қоспағанда, өз бетiнше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар санатына жатқызылған өтiнiш берушiнi және (немесе) отбасы мүшелерiн "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк шараларына қатысуға әлеуметтiк келiсiмшарт жасау үшiн жұмыспен қамту орталығына жiбередi не жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен iске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң өзге де шараларына жолдама бередi.
      Бұл ретте, уәкiлеттi орган жiберiлген адамдардың тiзiмiн жұмыспен қамту орталығына бередi. Жұмыспен қамту орталығы үмiткерлердiң тiзiмiн алған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей әлеуметтiк келiсiмшарт
      (келiсiмшарттар) жасасады және әлеуметтiк келiсiмшарттың (келiсiмшарттардың) көшiрмесiн уәкiлеттi органға жiбередi;
      3) әлеуметтiк келiсiмшарттың (келiсiмшарттардың) көшiрмесiн алғаннан кейiн екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнi және (немесе) оның отбасы мүшелерiн жеке жоспарды және денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму саласындағы орталық атқарушы орган бекiтетiн нысандарға сәйкес отбасының белсендiлiгiн арттырудың әлеуметтiк келiсiмшартын жасау үшiн шақырады;
      38. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтiк бейiмдеу жөнiндегi iс-шараларды қамтитын (отбасында осындай бейiмделуге мұқтаж адам болған жағдайда) жеке жоспар өтiнiш берушiмен және оның отбасы мүшелерiмен бiрлесiп жасалады және отбасының белсендiлiгiн арттырудың әлеуметтiк келiсiмшартының ажырамас бөлiгi болып табылады.
      Отбасының белсендiлiгiн арттырудың әлеуметтiк келiсiмшарты тараптардың "Өрлеу" жобасына қатысу мiндеттемелерiн, сондай-ақ скринингтiк тексеруден өтуге, әлеуметтiк мәнi бар аурулардан (маскүнемдiк, нашақорлық, туберкулез) емделуге бейiмдiлiгi, жүктiлiктiң 12 аптасына дейiн әйелдер консультациясына тiркеуге тұру және жүктiлiктiң барлық кезеңiнде бақылауда болу бойынша мiндеттемелердi қамтиды.
      39. Отбасының белсендiлiгiн арттырудың әлеуметтiк келiсiмшарты алты айға, бiрақ отбасы мүшелерiнiң әлеуметтiк бейiмделуiн ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабiлеттi мүшелерi кәсiптiк оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтiк жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бiр жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкiндiгiмен жасалады.
      Отбасының белсендiлiгiн арттырудың әлеуметтiк келiсiмшарты ұзартылған жағдайда, ШАК мөлшерi қайта қаралмайды.
      40. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк шараларына қатысу:
      стационарлық, амбулаторлық емделу (тиiстi медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынған кезде) кезеңiнде;
      жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк шараларына қатысатын негiзгi үмiткерден (үмiткерлерден) басқа, адамдардың үш жасқа дейiнгi балаға, он сегiз жасқа толмаған мүгедек балаға, бөгде адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектерге, сексен жастан асқан қарттарға күтiм жасауды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, отбасының еңбекке қабiлеттi мүшелерi үшiн мiндеттi шарт болып табылады.

6. Әлеуметтiк көмектi төлеу және қаржыландыру

      41. Әлеуметтiк көмек ақшалай нысанда әлеуметтiк көмек алушылардың жеке шоттарына екiншi деңгейдегi банктер, сонымен қатар банктiк қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы есеп шоттарына ақшалай сомаларды аудару жолымен жүргiзедi.
      42. Әлеуметтiк көмек тиiстi қаржы жылына арналған републикалық бюджет туралы заңда бекiтiлген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнiң өзгерiсiн ескере отырып төленедi.
      43. Әлеуметтiк көмек беруге шығыстарды қаржыландыру аудан бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржылық жылға арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

7. Қорытынды ереже

      44. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" және "Әлеуметтiк көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзедi.

  Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның
  мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж
  азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн
  айқындаудың қағидаларына
  1-қосымша
  нысан

      Отбасыны тiркеу нөмiрi ____________

Өтiнiш берушiнiң отбасы құрамы туралы мәлiметтер

      _________________________________________________________
      (Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.) (үйiнiң мекенжайы, телефон.)


Отбасы мүшелерiнiң Т.А.Ә.
Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы
Туған жылы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       Өтiнiш берушiнiң қолы __________________ Күнi ______________
       Отбасының құрамы туралы мәлiметтердi куәландыруға уәкiлеттi органның лауазымды адамының Т.А.Ә.__________________________________________ (қолы) ________________________________________________________________
      Аббревиатураның толық жазылуы:
      Т.А.Ә – тегi, аты, әкесiнiң аты

  Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның
  мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж
  азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн
  айқындаудың қағидаларына
  2-қосымша
  нысан

Өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТIСI

      20__жыл "___" _______
      ____________________________________________________________
      (елдi мекен)
      1. Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.____________________________________
      2. Тұратын мекенжайы ________________________________________
      ______________________________________________________________
       3. Өтiнiш берушi әлеуметтiк көмекке өтiнiш берген туындаған өмiрлiк қиын жағдай ________________________________________________________________________________________________________________________________________
      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледi) ______ адам, оның iшiнде :


Т.А.Ә.
Туған күнi
Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы
Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)
Жұмыспен қамтылмау себебi
Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсiптiк даярлығы (қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсендi шараларына қатысуы туралы мәлiметтер
Өмiрлiк қиын жағдай
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       Еңбекке жарамды барлығы _______ адам.
      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретiнде тiркелгендерi _____ адам.
      Балалардың саны:____________________________________________
      жоғары және орта оқу орындарында ақылы негiзде оқитындар ____ адам, оқу құны жылына ______ теңге.
       Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерiнiң, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектерiне теңестiрiлгендердiң, зейнеткерлердiң, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтiк маңызы бар аурулары (қатерлiсiктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердiң, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек) ___________________________________________________________________
       ________________________________________________________________
      5. Өмiр сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендiрiлген тұрғын үй, қызметтiк тұрғын үй, тұрғын үй кооперативi, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):
      ___________________________________________________________________
      Тұрғын үйдi ұстауға арналған шығыстар:
      ________________________________________________________________
       ________________________________________________________________ ________________________________________________________________
      Отбасының табысы:


Табысы бар отбасы мүшелерiнiң (оның iшiнде өтiнiш берушiнiң) Т.А.Ә.
Табыс түрi
Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)
Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесi (жер үлесi) туралы мәлiметтер
тоқсанға
орта есеппен айына
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       6. Мыналардың:
      автокөлiгiнiң болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретiн құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлiмделген табыс)
      ____________________________________________________________________
      ______________________________________ қазiргi уақытта өздерi тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдiң болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлiмделген табыс)
       __________________________________________________________________________________________________________________________________
      7. Бұрын алған көмегi туралы мәлiметтер (нысаны, сомасы, көзi):
       _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзi):
       ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
       9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киiммен, аяқ киiммен қамтамасыз етiлуi_____________________________________________________
       10. Тұратын жерiнiң санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы ____________________________________________________________________________________________________________________________________
      Комиссия төрағасы:
      ________________________ ________________________
      Комиссия мүшелерi:
       _______________________ _________________________ ________________________ _________________________ ________________________ _________________________ _______________________ _________________________
      (қолдары) (Т.А.Ә.)
      Жасалған актiмен таныстым: ________________________________________
      (Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. және қолы)
      Тексеру жүргiзiлуден бас тартамын _____________________ өтiнiш берушiнiң (немесе отбасы мүшелерiнiң бiрiнiң) Т.А.Ә. және қолы, күнi ____________________________________________________________________ (өтiнiш берушi тексеру жүргiзуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
      Аббревиатураның толық жазылуы:
      Т.А.Ә – тегi, аты, әкесiнiң аты

  Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның
  мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж
  азаматтардың жекелеген санаттарының
  тiзбесiн айқындаудың қағидаларына
  3-қосымша
  нысан

Учаскелiк комиссияның №__ қорытындысы

      20__жыл "___" _______
      Учаскелiк комиссия Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларына сәйкес өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш берген адамның (отбасының)
      _________________________________________________________________
      (өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.)
       өтiнiшiн және оған қоса берiлген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтiнiш берушiнiң (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерiнiң негiзiнде ________________________________________________________
      (қажеттiлiгi, қажеттiлiктiң жоқтығы)
      адамға (отбасыға) өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек ұсыну туралы қорытынды шығарад
      Комиссия төрағасы:
      ________________________ ________________________
      Комиссия мүшелерi:
       _______________________ _________________________ ________________________ _________________________ ________________________ _________________________ _______________________ _________________________
      (қолдары) (Т.А.Ә.)
      Қорытынды
      қоса берiлген құжаттармен __ данада
      20__жыл "__" ___ қабылданды
       Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң немесе уәкiлеттi орган қызметкерiнiң Т.А.Ә., лауазымы, қолы_____________________________
      Аббревиатураның толық жазылуы:
      Т.А.Ә – тегi, аты, әкесiнiң аты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады