Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес және Маңғыстау аудандық мәслихаты мен Маңғыстау ауданы әкімдігінің пікірлерін ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Маңғыстау ауданының Ұштаған ауылы, Жарма, Сазды елді мекендерінің аумағы кіретін Ақтөбе ауылдық округі құрылсын.
Ақтөбе ауылдық округінің әкімшілік орталығы болып Ұштаған ауылы белгіленсін.
2. Маңғыстау ауданының Онды ауылы, Бекі, Басқұдық елді мекендерінің аумағы кіретін Онды ауылдық округі құрылсын.
Онды ауылдық округінің әкімшілік орталығы болып Онды ауылы белгіленсін.
3. Маңғыстау ауданының Шайыр ауылы, Тиген, Тасмұрын елді мекендерінің аумағы кіретін Шайыр ауылдық округі құрылсын.
Шайыр ауылдық округінің әкімшілік орталығы болып Шайыр ауылы белгіленсін.
4. Маңғыстау ауданының Жыңғылды селолық округі Жыңғылды ауылы болып қайта құрылсын.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 23.02.2017 № 7/100 шешімі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің 23.02.2017 № 41 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Маңғыстау ауданының Тұщықұдық селолық округінің шекарасы Тұщықұдық ауылы және Қияқты елді мекенінің шегінде белгіленсін.
Тұщықұдық селолық округінің мемлекеттік тіліндегі атауы "Тұщықұдық ауылдық округі" болып өзгертілсін.
6. Маңғыстау ауданының Сайөтес селолық округінің шекарасы Сайөтес ауылы және Боздақ елді мекенінің шегінде белгіленсін.
Сайөтес селолық округінің мемлекеттік тіліндегі атауы "Сайөтес ауылдық округі" болып өзгертілсін.
7. Маңғыстау ауданының Жармыш, Шетпе селоларының мемлекеттік тіліндегі атаулары "Жармыш ауылы" және "Шетпе ауылы" болып өзгертілсін.
8. Маңғыстау ауданының Ақшымырау селолық округі Ақшымырау ауылы болып қайта құрылсын.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 23.02.2017 № 7/100 шешімі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің 23.02.2017 № 41 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9. Маңғыстау ауданының Қызан селолық округі Қызан ауылы болып қайта құрылсын.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 23.02.2017 № 7/100 шешімі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің 23.02.2017 № 41 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
10. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы осы қаулы мен шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
11. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Л. Илмұханбетоваға жүктелсін.
12. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Айдарбаев |
Сессия төрағасы | О. Қазақбаев |
Облыстық мәслихат хатшысы | Б. Жүсіпов |