Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес және Маңғыстау аудандық мәслихаты мен Маңғыстау ауданы әкімдігінің пікірлерін ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыс әкімдігінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 367 және облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 6/73 "Маңғыстау ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" қаулысы мен шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3257 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2017 жылғы 28 қаңтарда жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілісін:
мемлекеттік тілдегі 4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:
"4. Маңғыстау ауданының Жыңғылды селолық округі Жыңғылды ауылы болып қайта құрылсын.";
мемлекеттік тілдегі 8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:
"8. Маңғыстау ауданының Ақшымырау селолық округі Ақшымырау ауылы болып қайта құрылсын.";
мемлекеттік тілдегі 9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:
9. Маңғыстау ауданының Қызан селолық округі Қызан ауылы болып қайта құрылсын.".
2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас инспектор А. Ерболов) осы қаулы мен шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Л. Илмұханбетоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Айдарбаев |
Сессия төрағасы | Н. Ғұбашов |
Облыстық мәслихат хатшысы | Б. Жүсіпов |