Маңғыстау ауданы әкімдігінің және Маңғыстау аудандық мәслихатының кейбір бірлескен қаулылары мен шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/53 шешімі мен Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 350 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 қарашада № 3182 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Маңғыстау ауданы әкімдігінің және Маңғыстау аудандық мәслихатының кейбір бірлескен қаулылары мен шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. "Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (Е.Қалиев) осы бірлескен қаулы мен шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ж.Айтуаров
      Сессия төрағасы Т.Далжанов
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Сарбалаев

  Маңғыстау ауданы әкімдігінің
  2016 жылғы 21 қазандағы
  №350 қаулысына
  және
  Маңғыстау аудандық мәслихатының
  2016 жылғы 21 қазандағы
  №5/53 шешіміне
  қосымша

Маңғыстау ауданы әкімдігінің және Маңғыстау аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір бірлескен қаулылары мен шешімдерінің тізбесі

      1. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы №241 және Маңғыстау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы №10/124 "Маңғыстау ауданының Онды селосына қарасты жер бөлігінен Басқұдық елді мекенінің аумақтық шекарасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-5-65 болып тіркелген, 2009 жылғы 4 ақпандағы № 5-6 "Жаңа өмір" газетінде жарияланған) қаулысы мен шешімі;
      2. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы №242 және Маңғыстау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы №10/125 "Маңғыстау ауданының Шайыр селосына қарасты жер бөлігінен Тасмұрын елді мекенінің аумақтық шекарасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-5-66 болып тіркелген, 2009 жылғы 4 ақпандағы № 5-6 "Жаңа өмір" газетінде жарияланған) қаулысы мен шешімі;
      3. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы №243 және Маңғыстау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы №10/126 "Маңғыстау ауданының Тұщықұдық селосына қарасты жер бөлігінен Қияқты елді мекенінің аумақтық шекарасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-5-67 болып тіркелген, 2009 жылғы 4 ақпандағы № 5-6 "Жаңа өмір" газетінде жарияланған) қаулысы мен шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады