Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 19.05.2020 № 31/358 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422 бабына сәйкес және Маңғыстау облысының Әділет Департаментінің 2016 жылғы 12 ақпандағы №10-11-490 ақпараттық хатының негізінде Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 27 сәуірдегі №42/385 "Қызметін Ақтау қаласында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11-1-156 болып тіркелген, 2011 жылдың 14 маусымындағы №102 "Маңғыстау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
1) мемлекеттік тіліндегі тақырыбы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:
"Қызметін Ақтау қаласында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы";
2) мемлекеттік тіліндегі 1 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:
"1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес қызметін Ақтау қаласында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері белгіленсін.";
3) мемлекеттік тіліндегі қосымшаның тақырыбы және рет саны бағаны келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:
"Қызметін Ақтау қаласында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері";
"
р/с № | Салық салу объектілерінің атауы | Салық салу бірлігі | Айлық мөлшерлемесінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
";
2. Ақтау қалалық мәслихаты аппараты басшысының міндетін атқарушы (Л.Сүйіндік) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б.Шапқан).
4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С.Зәкенов |
Қалалық мәслихат хатшысы | М.Молдағұлов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ақтау қалалық кәсіпкерлік,
ауыл шаруашылығы және
ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Ж.Тоқбаева
"16" наурыз 2016 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік
кірістер комитеті Маңғыстау
облысы бойынша Мемлекеттік
кірістер депратаментінің Ақтау
қаласы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Ж.Серік
"16" наурыз 2016 жыл