Ақтау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 19 мамырдағы № 31/358 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 мамырда № 4219 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 2 бабының 2) тармақшасына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы №10-15-125 ұсынысының негізінде, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Ақтау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы – Д.Телегенова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б.Шапқан).

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Сессия төрағасының өкілеттігін жүзеге асырушы,
      Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы С. Зәкенов

  Ақтау қалалық мәслихатының
  2020 жылғы 19 мамырдағы
  № 31/358 шешіміне қосымша

Күші жойылды деп танылған Ақтау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Ақтау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 27 сәуірдегі №42/385 "Қызметін Ақтау қаласында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкасын белгілеу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-156 болып тіркелген, 2011 жылғы 14 маусымдағы "Маңғыстау" газетінде жарияланған).

      2. Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы №38/381 "Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 27 сәуірдегі №42/385 "Қызметін Ақтау қаласында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкасын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3029 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Ақтау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 26 ақпандағы №23/252 "Ақтау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 27 сәуірдегі №42/385 "Қызметін Ақтау қаласында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3833 болып тіркелген, 2019 жылы 13 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады