Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 04.10.2022 № 18/150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 11 наурыздағы №38/379 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3030 болып тіркелген, 2016 жылдың 3 мамырында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік тіліндегі кіріспесі келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:
"Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Ақтау қалалық мәслихатының аппарат басшысы (Д.Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б.Шапқан).
4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Б.Түркпенбаева |
Қалалық мәслихат хатшысы | М.Молдағұлов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Е.Кенған
"2" қараша 2016 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің
Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы" республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Ж.Серік
"2" қараша 2016 жыл