Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 38/379 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 сәуірде № 3030 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 4 қазандағы 2022 жылғы № 18/150 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 04.10.2022 № 18/150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 07.02.2018 № 13/147 шешімімен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509 бабы 5 тармағында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі он есе жоғарылатылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 20.09.2018 № 19/212 шешімімен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Ақтау қалалық мәслихаты аппараты басшысының міндетін атқарушы (Л. Сүйіндік) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы А. Бүркітбаев).

      4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С.Зәкенов
      Қалалық мәслихат хатшысы М.Молдағұлов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Е.Кенған

      "16" наурыз 2016 жыл


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік

      кірістер басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Ж.Серік

      "16" наурыз 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады