"Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6/73 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 қаңтарда № 3258 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 32/372 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 15.06.2020 № 32/372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңдарына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) 1-қосымшаға сәйкес "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары;

      2) 2-қосымшаға сәйкес "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

      2. Ақтау қалалық мәслихатының аппарат басшысы (Д.Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ы. Көшербай) жүктелсін.

      4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А.Могилин
      Қалалық мәслихат хатшысы М.Молдағұлов

  Ақтау қалалық мәслихатының
2016 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 6/73 шешіміне 1-қосымша

"Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік

қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Аппарат) мемлекеттік қызметкерлеріне қызметтік куәліктерін беру тәртібін белгілейді.

      2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – Қызметтік куәлік) оның "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіндегі лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.

      3. Қызметтік куәлік осы шешіммен бекітілген сипаттамаға сәйкес.

      4. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған қызметтік куәлік жарамсыз болып саналады.

2-тарау. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      5. Қызметтік куәлік Ақтау қалалық мәслихатының хатшысының қолы қойылып беріледі.

      6. Қызметтік куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан және бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған немесе бүлінген жағдайда беріледі.

      Аппаратқа жаңадан қабылданған тұлғалар жаңа қызметтік куәлік рәсімдеу және алу үшін өздерінің 3х4 см көлемдегі 2 дана түсті фотосуретін Аппараттың лауазымдық нұсқаулығы бойынша кадрлық жұмыстарды жүргізетін мемлекеттік қызметшіге (бұдан әрі – кадр қызметшісі) тапсыруы қажет. Бір фотосурет қызметтік куәлікке жапсырылады, екіншісі – осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысандағы "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналына (бұдан әрі – есепке алу журналы) жапсырылады.

      Қызметкерлер алған қызметтік куәлік үшін есепке алу журналына қол қояды.

      7. Қызметтік куәліктер және есепке алу журналы кадр қызметшісінің сейфінде сақталады.

      8. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі. Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлікті кадр қызметшісі қайтарып алады.

      9. Кадр қызметшісі жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.

      10. Қызметтік куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды Аппарат басшысы жүзеге асырады.

      11. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу Аппарат басшысына жазбаша нысанда хабарлайды, бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.

      12. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша кадр қызметшісі қызметтік тексеріс туралы өкімнің шығуынан кейін он күнтізбелік күн мерзімінде қызметтік тексеріс жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Аппараттың тәртіптік комиссиясы кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды.

      13. Жоғалған қызметтік куәліктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады, бұл туралы Аппарат басшысы хабардар етіледі. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлікті қызметтік тексеріс жүргізілгеннен кейін Аппарат басшысы береді.

      14. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтік куәлікті кадр қызметшісіне тапсырады. Куәлікті тапсырған кезде кету парағына кадр қызметшісінің қолы қойылады.

      15. Қызметкерлер жұмыстан босатылған не бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы жою туралы тиісті акт жасала отырып, жылына бір рет жойылуға жатады.

  "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидаларына
қосымша

"Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік
қызметшілеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы

Фото-сурет

Кімге берілді қызметкердің А.Т.Ә. (болған жағдайда)

Атқара-тын лауазымы

Қызметтік куәлігінің нөмірі

Берілген күні

Қызметкердің алғаны жөнінде жеке қолы

Тапсырға-ны туралы белгі (себебін көрсету)

Жою туралы белгі










      Ескертпе: "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп және Ақтау қалалық мәслихаты хатшысының қолымен және Аппараттың мөрімен расталады.

      А.Т.Ә. − аты, тегі, әкесінің аты.

      Ескерту. Ескертпеге өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 16.03.2017 № 7/95 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Ақтау қалалық мәслихатының
2016 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 6/73 шешіміне 2-қосымша

"Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

      1. Куәліктің мұқабаларының көлемі 19 см х 6,5 см (ашып көрсетілген түрінде), күрең қызыл түсті жоғары сапалы экобылғарыдан немесе жасанды былғарыдан жасалады.

      2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен "КУӘЛІК", "УДОСТОВЕРЕНИЕ" деген типографиялық қаріппен екі жол жазба жазылады.

      3. Ішкі бөлігінің екі жағы тангир торының аясында күннің астында қалықтаған бүркіт бейнеленген көгілдір түсте орындалған. Екі жақтын жоғарғы бөлігінде қазақ және орыс тілдерінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", "МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ", "АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АППАРАТЫ" деген жазу басылады.

      4. Сол жағында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу қазақ тіліндегі мәтін. Төменгі жағында куәліктің жарамдылық мерзімі (бес жыл мерзімге беріледі) көрсетіледі.

      5. Оң жағында: көлемі 3х4 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), куәліктің нөмірі, мемлекеттік тілде аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, атқаратын лауазымы көрсетіледі. Мәтін орыс тілде басылады, Ақтау қалалық мәслихаты хатшысының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталады.

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственным служащим государственного учреждения "Аппарат Актауского городского маслихата" и его описания

Решение Актауского городского маслихата Мангистауской области от 9 декабря 2016 года № 6/73. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 19 января 2017 года № 3258. Утратило силу решением Актауского городского маслихата Мангистауской области от 15 июня 2020 года № 32/372

      Сноска. Утратило силу решением Актауского городского маслихата Мангистауской области от 15.06.2020 № 32/372(вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" Актауский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить:

      1) Правила выдачи служебного удостоверения государственным служащим государственного учреждения "Аппарат Актауского городского маслихата" согласно приложению 1;

      2) описание служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения "Аппарат Актауского городского маслихата" согласно приложению 2.

      2. Руководителю аппарата Актауского городского маслихата (Д.Телегенова) после государственной регистрации настоящего решения в департаменте юстиции Мангистауской области обеспечить его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию городского маслихата по социальным вопросам и вопросам законности и правопорядка (Ы. Кошербай).

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в департаменте юстиции Мангистауской области и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии А.Могилин
      Секретарь городского маслихата М. Молдагулов

  Приложение 1
  к решению Актауского городского
  маслихата от 9 декабря 2016 года № 6/73

Правила выдачи служебного удостоверения государственным служащим государственного учреждения "Аппарат Актауского городского маслихата" Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи служебного удостоверения государственным служащим государственного учреждения "Аппарат Актауского городского маслихата" определяют порядок выдачи служебного удостоверения государственным служащим государственного учреждения "Аппарат Актауского городского маслихата" (далее – Аппарат).

      2. Служебное удостоверение государственного служащего (далее – служебное удостоверение) является официальным документом, подтверждающим его должность в государственном учреждении "Аппарат Актауского городского маслихата" и должностные полномочия.

      3. Служебное удостоверение соответствует описанию, утвержденному настоящим решением.

      4. Удостоверение без соответствующего оформления, с просроченным сроком действия, помарками и подчистками считается недействительным.

Глава 2. Порядок выдачи служебного удостоверения

      5. Служебное удостоверение выдается за подписью секретаря Актауского городского маслихата.

      6. Служебные удостоверения выдаются сотрудникам при назначении на должность, изменении должности, по истечении срока, утере, а также порче ранее выданного удостоверения.

      Лица, впервые принятые на работу в Аппарат, для оформления и получения нового служебного удостоверения сдают государственному служащему, в должностные обязанности которого входит ведение кадровой работы Аппарата (далее – кадровый служащий), две цветные фотографии размером 3 х 4 см. Одна фотография вклеивается в служебное удостоверение, другая – в журнал учета выдачи служебного удостоверения государственным служащим государственного учреждения "Аппарат Актауского городского маслихата" (далее – журнал учета) по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      За полученное служебное удостоверение сотрудники расписываются в журнале учета.

      7. Служебные удостоверения и журнал учета хранятся в сейфе кадрового служащего.

      8. При вручении служебного удостоверения государственному служащему, впервые принятому на государственную службу, проводится разъяснение по его пользованию и порядку его хранения.

      При замене служебного удостоверения, предусмотренного пунктом 6 настоящих Правил, ранее выданное служебное удостоверение изымается кадровым служащим.

      9. Ежегодно, по состоянию на 1 января, кадровым служащим проводится сверка соответствия служебных удостоверений их учетным данным.

      10. Общий контроль за порядком заполнения, оформления, учета, выдачи, хранения и уничтожения служебных удостоверений осуществляет руководитель Аппарата.

      11. В случае утраты или порчи служебного удостоверения, его владелец незамедлительно извещает в письменной (произвольной) форме руководителя Аппарата, подает объявление в средства массовой информации.

      12. По каждому факту утраты, порчи служебного удостоверения, а также передачи его другим лицам или использования не по назначению кадровый служащий в течение десяти рабочих дней со дня издания распоряжения о проведении служебного расследования проводит служебное расследование, по результатам которого дисциплинарная комиссия Аппарата рассматривает вопрос о привлечении виновных к дисциплинарной ответственности.

      13. Утерянные служебные удостоверения через средства массовой информации объявляются недействительными, о чем информируется руководитель Аппарата. Новое служебное удостоверение взамен утерянного выдается руководителем Аппарата после проведения служебного расследования.

      14. При увольнении сотрудник сдает служебное удостоверение кадровому служащему. На обходном листе при сдаче удостоверения ставится роспись кадрового служащего.

      15. Служебные удостоверения, сданные сотрудниками при увольнении либо порче, один раз в год подлежат уничтожению с составлением соответствующего акта об уничтожении в произвольной форме.

  Приложение
к Правилам выдачи
служебного удостоверения государственным служащим
государственного учреждения "Аппарат Актауского городского маслихата"

Журнал учета выдачи служебного удостоверения государственным служащим государственного учреждения "Аппарат Актауского городского маслихата"

№ п/п

Фото-
графия

Кому выдано
Ф.И.О.
(при
наличии)
служащего

Занимаемая
должность

Номер
служеб-
ного
удосто-
верения

Дата
выдачи

Роспись
служащего в
получении
удосто-
верения

Отметка о
возврате (указать причину)

Отметка
об уничто-
жении











      Примечание: Журнал учета выдачи служебного удостоверения государственным служащим государственного учреждения "Аппарат Актауского городского маслихата" прошнуровывается, пронумеровывается и заверяется подписью секретаря Актауского городского маслихата и печатью Аппарата.

      Ф.И.О. − фамилия, имя, отчество.

      Сноска. Примечание с изменениями, внесенными решением Актауского городского маслихата Мангистауской области от 16.03.2017 № 7/95(вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение 2
  к решению Актауского городского маслихата от 9 декабря 2016 года № 6/73

Описание служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения
"Аппарат Актауского городского маслихата"

      1. Обложка служебного удостоверения состоит из экокожи или кожзаменителя высокого качества бордового цвета, размером 19 см х 6,5 см (в развернутом состоянии).

      2. На лицевой стороне удостоверения по центру расположено изображение Государственного Герба Республики Казахстан золотистого цвета, ниже в две строки типографским шрифтом выполнена надпись "КУӘЛІК", "УДОСТОВЕРЕНИЕ".

      3. Обе стороны внутренней части выполнены в голубом цвете с изображением парящего орла под солнцем на фоне тангирной сетки. В верхней части двух сторон размещена надпись "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН", "МАНГИСТАУСКАЯ ОБЛАСТЬ", "АППАРАТ АКТАУСКОГО ГОРОДСКОГО МАСЛИХАТА" на казахском и русском языках.

      4. На левой стороне: изображение Государственного Герба Республики Казахстан, под гербом надпись лазурного цвета "ҚАЗАҚСТАН", рядом по ниспадающей указывается номер служебного удостоверения, фамилия, имя, отчество (при наличии), занимаемая должность. Текст печатается на казахском языке. Ниже указывается срок действия удостоверения (выдается сроком на пять лет).

      5. На правой стороне: фотография (анфас, цветная) размером 3х4 см, по ниспадающей указывается номер служебного удостоверения, фамилия, имя, отчество (при наличии), занимаемая должность. Текст печатается на русском языке, заверяется подписью секретаря Актауского городского маслихата и гербовой печатью.