Ақтау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 841 "Ақтау қаласы бойынша қалаішілік қоғамдық жолаушылар көлік бағыттарындағы жолақы тарифін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 2203 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 қаңтарда № 3253 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 17 ақпандағы № 328 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 17.02.2020 № 328 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 2 тармағына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 10-11-1786 ұсынысының негізінде Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 841 "Ақтау қаласы бойынша қалаішілік қоғамдық жолаушылар көлік бағыттарындағы жолақы тарифін белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2782 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 тамыздағы "Маңғыстау" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Ө.С. Бисақаевқа жүктелсін.".

      2. "Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына (Ж.Б. Құбашев):

      осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Ө.С. Бисақаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі С. Трұмов

      "КЕЛІСІЛДІ":

      "Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және

      автомобиль жолдары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Ж.Б. Құбашев

      05 желтоқсан 2016 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады