Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 9 желтоқсандағы №6/73 "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 16 наурыздағы № 7/95 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 сәуірде № 3342 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 32/372 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 15.06.2020 № 32/372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, сондай-ақ Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2017 жылғы 7 ақпандағы №10-11-871 хатын орындау мақсатында Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 9 желтоқсандағы №6/73 "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3258 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 26 қаңтарда жарияланған) келесідей толықтыру енгізілсін:

      "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидаларының қосымшасында:

      ескертпе келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "А.Т.Ә. − аты, тегі, әкесінің аты.".

      2. "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы − Д.Телегенова) осы шешімнің Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ы. Көшербай) жүктелсін.

      4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ш.Гусейнов
      Қалалық мәслихат хатшысы М.Молдағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады