Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 30.06.2020 № 51/413 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу орны болып Бейнеу ауылындағы Әли Балта Орталық стадион алаңы белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 15.05.2017 № 13/107 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Бейбіт шерулер және демонстрациялар өткізу үшін маршрут болып "Досан батыр" көшесінің оның шығыс бастауынан Әли Балта атындағы Орталық стадионға дейінгі аралығы бекітілсін.
4. Бейнеу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 11 маусымдағы № 5/30 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің тәртібі орындарын қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-3-137 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 шілдедегі №30 (2053) аудандық "Рауан" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын деп танылсын.
5. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (Б.Түйешиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркеуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
6. Осы шешімінің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Машырықовқа жүктелсін.
7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ш.Азанов |
Аудандық мәслихат хатшысы | А.Ұлұқбанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары
К.Машырықов
"19" сәуір 2016 жыл
Бейнеу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі №2/18 шешіміне қосымша |
Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібі Жалпы ережелер
1. Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер және демонстрацияларды өткізудің осы тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына (бұдан әрі - Заң), бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер және демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу мәселелерін реттейтін басқа да нормативтік - құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
2. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар (бұдан әрі - акциялар) болып тиісті әкімшілік - аумақтық бірліктегі арнайы белгіленген орында немесе арнайы маршрут бойынша, белгіленген күні және уақыт аралығында ауданның жергілікті атқарушы органының жазбаша рұқсатын алған Қазақстан Республикасының азаматының немесе азаматтарының қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделерін, сондай - ақ наразылығын білдіруге бағытталған іс-әрекеттері танылады.
3. Бейбіт жиналыстар мен митингілер үшін арнайы орындар, ал шерулер мен демонстрациялар үшін – арнайы маршруттар белгіленеді.
Пикеттер және аштық жариялау үшін арнайы орындар белгіленбейді.
Арнайы орындарды белгілейтін ауданның жергілікті атқарушы органы аталған аумақтарды тиісті түрде жабдықтауға, оларды бейбіт жиналыстарды, митингілерді өткізу мақсатында қолдану үшін бейімдеуге (орындықтар, алаңшалар, қоқыс жәшіктері, жарықтандыру) тиіс.
Арнайы орындар міндетті түрде ішкі істер органдарының жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларымен немесе объективті себептер бойынша жедел басқару орталығының мұндай камераларын орнату мүмкін болмаған жағдайда тиісті акцияларды өткізу уақытына жылжымалы бейнебақылау кешендерімен жабдықталуы тиіс.
Ауданның жергілікті атқарушы органы аталған аумақтардың тұрақты түрде жиналуын, тазалануын қамтамасыз етуге тиіс.
4. Акцияларды өткізу қағидаттары:
1) заңдылығы – Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы Тәртіптің және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінің талаптарын сақтау;
2) акцияларға қатысудың еріктілігі.
Акцияларды өткізу мәселелері бойынша ауданның жергілікті атқарушы органының іс-әрекеттері
5. Акцияларды өткізу туралы өтінішті беру кезінде Заңның 3 бабының талаптарын бұзу рұқсат беруден бас тартуға негіз бола алмайды. Мұндай жағдайларда ауданның жергілікті атқарушы органының уәкілетті өкілінің қолы қойылған және жол берілген кемшіліктерді жаңа өтініш беру жолымен жою туралы ұсынысты қамтитын түсіндірме сипатындағы ресми жауап беріледі. Жаңа өтінішті қарау мерзімдері ол түскен уақыттан бастап есептеледі.
Әртүрлі өтініш берушілерден өткізу күні бір-біріне сәйкес келетін акцияларды өткізу туралы өтініштер түскен жағдайда ауданның жергілікті атқарушы органымен бұрынырақ түскен өтініш қаралады, ал қалғандарына тиісті акцияларды өткізу күнін қайта қарау туралы түсіндірме сипатындағы жауап беріледі.
6. Ұйымдастырушылармен бейбіт жиналыстар мен митингтерді өткізу үшін белгіленбеген орын сұралған жағдайда өтініш берушілерге жауап тиісті акцияларды арнайы бөлінген орында өткізу жөнінде ұсыныспен бірге беріледі.
7. Ауданның жергілікті атқарушы органы елдегі айтулы күндер мен оқиғаларды ұйымдастыру және өткізу қажеттілігі үшін, қоғамдық қауіпсіздікті, басқа да тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ көліктің, инфрақұрылым нысандарының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында акцияларды өткізуге рұқсат беруден бас тартуға құқылы.
8. Ауданның жергілікті атқарушы органының бас тарту туралы шешімі дәлелді, Заң мен осы Тәртіптің нормаларымен қатар, ұйымдастырушылардың сол және өзге де нормалар мен талаптардың сақталмауы көрсетілген нақты дәйектерге негізделген болуы тиіс.
Бұдан бөлек, рұқсат беруден бас тартылған жағдайда, ұйымдастырушылар дереу барлық дайындық іс-шараларын тоқтату және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті хабарландыру бойынша шаралар қабылдауы керектігі түсіндірілуге тиіс.
Сондай-ақ, рұқсат етілмеген акцияларды ұйымдастыру және өткізу үшін заңмен белгіленген жауапкершілігі туралы түсіндірілуге тиіс.
9. Ұйымдастырушылар дайындық іс-шараларын тоқтату бойынша өз бетімен шаралар қабылдамаған жағдайларда, ауданның жергілікті атқарушы органы өзінің ресми интернет-сайтында, сондай-ақ мүмкіндігінше ұйымдастырушылар заңсыз акцияларды шақыруларын орналастырған немесе орналастырып жатқан барлық ресурстарда рұқсат етілмеген акцияларға қатысқаны үшін жауапкершілігі туралы ескертумен бірге, рұқсат беруден бас тарту туралы ақпаратты орналастырады.
Акцияларды өткізуді ұйымдастырушылардың әрекеттері
10. Акцияларды ұйымдастыруға жататын әрекеттер:
1) ауданның атқарушы органына акцияларды өткізу туралы өтініш беру;
Өтініште көрсетіледі:
акциялардың мақсаты;
акциялардың нысаны;
акцияларды өткізу орны (орындары), қатысушылардың қозғалыс маршруттары;
акциялардың басталуы және аяқталуының күні мен уақыты;
қатысушылардың болжамды саны;
ұйымдастырушылардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, медициналық көмекті ұйымдастыру нысандары мен әдістері, дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды қолдану ниеті;
акцияларды ұйымдастырушылардың тегі, аты, әкесінің аты немесе атауы, оның тұрғылықты мекен-жайы не қазіргі уақытта мекендеген жері немесе тұрған орны туралы мәліметтер және телефондарын нөмірлері;
акцияларды ұйымдастыру және өткізу бойынша акцияларды ұйымдастырушыларымен билік етушілік функцияларын орындауға уәкілеттік берілген адамдардың тектері, аттары, әкесінің аттары;
акцияларды өткізу туралы хабарландыруды беру күні.
2) көрнекі насихат құралдарын дайындау және тарату;
3) акцияларды ұйымдастыру және өткізу мақсатында жасалатын Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да әрекеттер.
11. Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған бір немесе бірнеше азаматтары акциялардың ұйымдастырушысы бола алады.
Ұйымдастырушылар бола алмайды:
1) сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалар, сондай-ақ соттың үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы тұлғалар;
2) заңмен белгіленген тәртіпте әрекеті тоқтатылған немесе тыйым салынған немесе таратылған саяси партиялар, басқа да қоғамдық бірлестіктер және діни бірлестіктер, олардың аймақтық бөлімдері мен басқа да құрылымдық бөлімшелері.
12. Ұйымдастырушылардың құқықтары бар:
1) акцияларды ауданның жергілікті атқарушы органының рұқсатында көрсетілген арнайы орындарда және арнайы маршрут бойынша және уақытта өткізуге;
2) ауданның жергілікті атқарушы органынан рұқсат алған жағдайда акциялардың мақсаттарын қолдау үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, үндеу парағын тарату, плакаттар, транспаранттар, ұрандар дайындау жолымен және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де нысандарда алдын ала насихат жүргізуге;
3) акциялардың жекелеген қатысушыларына оны ұйымдастыру және өткізу бойынша билік етушілік функцияларын орындауға уәкілеттік беруге;
4) ерікті қайырымдылықты жинауда, қарарларға, талаптарға және азаматтардың басқа да шешімдеріне қол жинауды ұйымдастыруға;
5) азаматтардың мемлекеттік билік органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, лауазымды тұлғалардың акцияларды өткізуге құқығын бұзатын шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдануға.
13. Ұйымдастырушылар міндетті:
1) ауданның жергілікті атқарушы органына Заңмен белгіленген тәртіпте акцияларды өткізу туралы өтініш беруге;
2) өтініште көрсетілген акцияларды өткізу шарттарының сақталуын қамтамасыз етуге;
3) акцияларға қатысушылардан қоғамдық тәртіпті және акцияларды өткізу регламентін сақтауды талап етуге. Акцияларды ұйымдастырушылардың заңды талаптарын орындамаған тұлғалар осы іс-шараларды өткізу орнынан кетірілуге тиіс;
4) өз құзіретінің шегінде акцияларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ал Заңда көзделген жағдайларда осы міндетті ауданның жергілікті атқарушы органының уәкілетті өкілімен және ішкі істер органының уәкілетті өкілімен бірлесіп, олардың барлық заңды талаптарын орындай отырып, орындауға;
5) қатысушылар құқыққа қарсы әрекеттерді жасаған жағдайда акцияларды тоқтата тұруға немесе оларды тоқтатуға;
6) акцияларды өткізу орнында жасыл желектердің, кіші сәулет нысандарының, құрылыстар мен ғимараттардың, жабдықтардың және басқа да мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге;
7) акциялардың қатысушыларына ауданның жергілікті атқарушы органының уәкілетті өкілінің акцияларды тоқтата тұру немесе тоқтату туралы талабын жеткізуге;
8) акцияларды ұйымдастырушының айрықша белгісін иеленуге.
Ұйымдастырушылармен өкілеттік берілген тұлғалардың да айрықша белгісі болуы міндетті;
9) акцияларға алкогольдік және есірткілік масаң күйіндегі тұлғалардың қатысуына жол бермеуге;
10) акцияларды өткізу барысында жол бермеуге:
қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға шақыратын транспаранттарды, ұрандарды, өзге де материалдарды (көрнекі, аудио/бейне), дайындауға және/немесе қолдануға;
қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға шақыратын көпшілік алдында сөз сөйлеулерге;
кімнің болса да адресіне бағытталған кемсітулерге.
14. Акцияларға қатысушылардың құқықтары бар:
1) акциялардың мақсаттарына сәйкес шешімдерді талқылауға және қабылдауға, өзге де ұжымдық әрекеттерге қатысуға;
2) акцияларды өткізу кезінде түрлі рәміздер мен ұжымдық және жеке пікірді білдірудің өзге де құралдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған насихат құралдарын қолдануға;
3) қарарлар, талаптар мен азаматтардың басқа да шешімдерін қабылдауға және оларды мемлекеттік билік органдарына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, қоғамдық бірлестіктер мен діни бірлестіктерге, халықаралық және өзге де органдар мен ұйымдарға жолдауға.
Акцияларды өткізу кезінде олардың қатысушылары міндетті:
1) акцияларды ұйымдастырушылардың, олар өкілеттік берген тұлғалардың, ауданның жергілікті атқарушы органының уәкілетті өкілінің және ішкі істер органдары қызметкерлерінің барлық заңды талаптарын орындауға;
2) қоғамдық тәртіпті және акцияларды өткізудің регламентін сақтауға.
Акцияларды тоқтату
15. Акцияларды тоқтату негіздері болып табылады:
1) азаматтардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне нақты қауіп төндіру;
2) акцияларға қатысушылардың құқыққа қарсы әрекеттерді жасауы және акцияларды ұйымдастырушылардың акцияларды өткізу тәртібіне қатысты Заң нормаларын қасақана бұзуы, соның ішінде алкогольді ішімдіктерді ішу, есірткі құралдарды, психотроптикалық заттарды, сол тектестерді және прекурсорларды пайдалану:
3) қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға шақыратын транспаранттарды, ұрандарды, өзге де материалдарды (көрнекі, аудио/бейне), дайындауға және/немесе қолдану;
4) акцияларға қатысушылардың қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға шақыратын көпшілік алдында сөз сөйлеулері.
5) акцияларға қатысушылардың тараптарынан кімнің болса да адресіне бағытталған кемсітулері.
16. Акцияларды тоқтату тәртібі:
1) акцияларды тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда ауданның жергілікті атқарушы органының уәкілетті өкілі:
ұйымдастырушыларға акцияларды тоқтатудың себебін негіздеп, нұсқау береді және 24 сағаттың ішінде аталған нұсқауды жазбаша рәсімдейді және ұйымдастырушыға тапсырады;
акцияларды тоқтату туралы нұсқауды орындау үшін уақыт белгілейді.
ұйымдастырушылар акцияларды тоқтату туралы нұсқауды орындамаған жағдайда, акцияларға қатысушыларға тікелей жүгінеді, акцияларды тоқтату туралы нұсқауды орындау үшін қосымша уақыт белгілейді.
2) акцияларды тоқтату туралы нұсқау орындалмаған жағдайда ішкі істер органдарының қызметкерлері бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет ете отырып, акцияларды тоқтату бойынша қажетті шараларды қабылдайды.
Акцияларды тоқтатудың көрсетілген тәртібі жаппай тәртіпсіздік, қирату, өрт қою жағдайларында және шұғыл әрекеттерді қажет ететін басқа да жағдайларда қолданылмайды. Мұндай жағдайларда, акцияларды тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
акцияларға қатысушылар тарапынан ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамауы немесе оларға бағынбауы (қарсылық көрсетуі) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.
17. Акцияларды өткізу шарттарын қамтамасыз ету:
1) акцияларды ұйымдастырушылар, лауазымды тұлғалар және басқа да азаматтар акцияларға қатысушылардың қоғамдық тәртіпті және акцияларды өткізу регламентін бұзбайтын әдіспен пікірін білдіруіне кедергі келтіруге құқылы емес;
2) акцияларды өткізуге себеп болған мәселелер жолданған мемлекеттік билік органдары осы мәселелерді мәні бойынша қарауға, олар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қажетті шешімдер қабылдауға, қабылданған шешімдер туралы акцияларды ұйымдастырушыларыға хабарлауға міндетті.