Бейнеу ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің тәртібі мен орындарын қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Бейнеу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 11 маусымдағы № 5/30 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 шілдеде № 11-3-137 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 2/18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 19.04.2016 № 2/18 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы №2126 "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонистрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге Бейнеу селосындағы Әли Балта атындағы Орталық стадион алаңы белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Қ.Әбілшеевке жүктелсін (келісім бойынша).
      3. Шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Аудандық мәслихат хатшысы
      Н.Хайруллаев А.Ұлұқбанов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Бейнеу ауданы
      әкімінің орынбасары
      _______________Қ.Әбілшеев
      11 маусымда 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады