Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 04.11.2021 № 8/46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабының 2 тармағына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түпқараған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі № 4/30 "Түпқараған ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3127 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 тамызда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10030 болып тіркелген) сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. "Түпқараған аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Ізбен) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы Қ.Озғамбаев) жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б.Төлешов |
Аудандық мәслихат хатшысы | А.Досанова |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Түпқараған аудандық тұрғын үй - коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Ж.Қайнарбаев
29 қараша 2016 жыл