Түпқараған аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2021 жылғы 4 қарашадағы № 8/46 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 қарашада № 25149 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Түпқараған аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы Д. Меңдіханов

  Түпқараған аудандық мәслихатының
  2021 жылғы 4 қарашадағы № 8/46
  шешіміне қосымша

Түпқараған аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдердің тізбесі

      1. "Түпқараған ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі № 4/30 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3127 болып тіркелген);

      2."Түпқараған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі № 4/30 "Түпқараған ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 7/55 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3222 болып тіркелген);

      3. "Түпқараған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі № 4/30 "Түпқараған ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 23 шілдедегі № 32/255 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3960 болып тіркелген);

      4. "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 17 мамырдағы № 30/246 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3917 болып тіркелген);

      5. "Түпқараған ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифтерін бекіту туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 35/282 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4040 болып тіркелген);

      6. "Түпқараған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 17 мамырдағы № 30/246 "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 49/362 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады