"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 14 "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет–құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5339 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 ақпанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет–құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет–құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112.";
16-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
16-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тексерулер жүргізу;
3) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;";
16-тармақ мынадай мазмұндағы 4-4), 4-5), 4-6), 4-7) тармақшалармен толықтырылсын:
"4-4) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
4-5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;
4-6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;
4-7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі |
А. Мұхамбетов |