Әкімдіктің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 14 "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет - құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 125 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 сәуірде № 6256 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 595 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 30.12.2016 № 595 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 14 "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет–құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5339 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 ақпанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет–құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет–құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112.";
      16-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
      16-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тексерулер жүргізу;
      3) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;";
      16-тармақ мынадай мазмұндағы 4-4), 4-5), 4-6), 4-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4-4) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
      4-5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;
      4-6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;
      4-7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қостанай
облысының әкімі
А. Мұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады