Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 306 "Мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында орманды пайдаланғаны үшін төлем төлеу ставкалары туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3721 тіркелген, 2010 жылғы 14 шілдеде "Қостанай таңы" және "Костанайские новости" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "ставкалары", "ставкасы" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелері", "мөлшерлемесі" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі тақырыбы мен мәтіні өзгермейді;
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы |
С. Ещанов |
"Қостанай облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ Ә. Мауқұлов