Мәслихаттың 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 306 "Мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында орманды пайдаланғаны үшін төлем төлеу ставкалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы мәслихатының 2016 жылғы 14 шілдедегі № 50 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 9 тамызда № 6572 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 95 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 08.12.2016 № 95 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қостанай облыстық мәслихатының 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 306 "Мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында орманды пайдаланғаны үшін төлем төлеу ставкалары туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3721 тіркелген, 2010 жылғы 14 шілдеде "Қостанай таңы" және "Костанайские новости" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "ставкалары", "ставкасы" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелері", "мөлшерлемесі" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі тақырыбы мен мәтіні өзгермейді;
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы,
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
С. Ещанов

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      табиғи ресурстар және табиғат
      пайдалануды реттеу басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      __________________ Ә. Мауқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады