"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағыҚазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және"Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесiн бекiту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 2125 "Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5259 болып тіркелген, 2015жылғы 6 қаңтардағы "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
22-тармақта 5)тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"5) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау экономика мәселелері жөніндегі Рудный қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі | Б. Ғаязов |