Рудный қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 509 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Рудный қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімі аппаратының басшысы А.Қ. Ысқақовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Рудный қаласының әкімі Б. Ғаязов

  Әкімдіктің
2016 жылғы 16 мамырдағы
№ 509 қаулысына
қосымша

Рудный қаласы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 2125 "Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5259 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 қаңтарда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған);
      2. Рудный қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 57 "Әкімдіктің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 2125 "Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5390 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 наурызда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған);
      3. Рудный қаласы әкімдігінің2016 жылғы 18 наурыздағы № 321 "Әкімдіктің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 2125 "Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы"қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6252 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 сәуірде "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады