Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесiн бекiту туралы" Жарлығына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы З.В. Жигуноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолдаңысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі | Б. Ғаязов |
Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 2125 қаулысымен |
|
бекітілген |
Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі экономика және бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Рудный қаласының әкімдігі болып табылады.
6. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
7. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
8. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
9. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтіледi.
10. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 111500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95.
11. Мемлекеттік органның толық атауы: Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
12. Осы Ереже Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
13. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
14. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары,
құқықтары мен мiндеттерi
15. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Рудный қаласының экономикалық саясатын қалыптастыру және іске асыру, сонымен қатар қала дамуының сапалы деңгейіне жетуге және орнықты экономикалық өсуге ықпал ететін мемлекеттік жоспарлау және басқару жүйесін дамыту.16. Міндеттері:
1) әлеуметтік–экономикалық даму басымдықтарды тиімді іске асыруға ықпал ететін жоспарлау жүйесін дамыту;
2) елдегі және қаладағы экономикалық жағдайдың өзгеруіне уақтылы мән беру және қала экономикасын тұрақтандыру бойынша шара қолдану;
3) инвестициялық белсенділікті арттыруға жәрдемдесу;
4) экономикалық жоспарлауды жетілдіру;
5) нәтижеге бағытталған үш жылдық бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыру.
17. Функциялары:
1) Рудный қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеу;
2) қаланы дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын және Қаланы дамыту бағдарламасын әзірлеу;
3) қаланы дамыту бағдарламасына мониторингі және бағалау жүргізу;
4) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік жоспарлау жүйесінің (Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, Қаланы дамыту бағдарламасы, қалалық бюджетті әзірлеу бойынша) әрі қарай жұмыс істеуі бойынша негізгі нормаларды түсіндіру;
5) қалалық бюджетті әзірлеу, әкімдік қарауына бюджет жобасын енгізу;
6) экономиканы қаржылық қалпына келтіру бойынша шараларды әзірлеу және қала әкіміне ұсыныстар енгізу;
7) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйым құрылымдарын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
8) жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын әлеуметтік, мәдени объектілерін және тұрғын үйді салу бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
9) қалалық бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстар енгізу;
10) Рудный қаласының бюджет комиссиясы қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіру, бюджет комиссиясы отырысының хаттамасын дайындау;
11) басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін құру;
12) бағдарламаларды әзірлеу бойынша атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру және олардың орындалуын бақылау;
13) қала экономикасының жағдайын талдау;
14) бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және қала әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларын орындау бойынша есептерді дайындау;
15) қала кәсіпорындарының қызметін талдау;
16) қала бойынша экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды орындау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу жөнінде бөлімдердің, қалалық әлеуметтік және қаржы қызметтерінің жұмысын үйлестіру;
17) әкімдіктегі отырыстарда әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша әкімнің баяндамасын және сөзін дайындау;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
19) мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктер.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 26.01.2015 № 57 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
18. Құқықтары мен міндеттері:
1) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша қала әкіміне, "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне ұсыныстар енгізу;
2) қала кәсіпорындарының, ұйымдарының және мекемелерінің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды орындауына бақылауды жүзеге асыру;
3) мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және барлық меншік нысанындағы шаруашылық субъектілерден қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге материалдарды сұрау және алу;
4) Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамасын сақтау, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңмен бекітілген мерзімде қарау, олар бойынша қажетті шараларды қолдану;
5) Қазақстан Республикасындағы заңнамаға сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
19. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесін басшылықты Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.20. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын Рудный қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары бар.
22. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды;
2) Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды орындауға жеке жауап береді;
3) Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің өкілеттіктерін белгілейді;
4) заңнамамен белгілеген тәртіпте қызметкерлерге тәртіптік жаза береді, жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау және босату жөніндегі бұйрықтарға қол қояды;
5) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
6) Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыскерлері орындау үшін міндетті бұйрықтарға қол қояды;
7) Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені, Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штаттық саны және штаттық кесте бойынша ұсыныстар әзірлейді және оларды әкімге бекітуге енгізеді, Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қаржыландыру жоспары бойынша қаражаттарды үнемдеу шегінде бөлім қызметкерлеріне материалдық көтермелеу мөлшерін, қосымша ақы белгілейді;
8) өзінің құзыретіне жататын басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 18.03.2016 № 321 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
23. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
24. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс Регламентіне сәйкес белгіленеді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
25. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билік етуге құқығы жоқ.