Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 15.05.2018 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі 139-бабының 9-тармағын орындау мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін және лауазымдық айлықақылар мен тарифтік тізбесі айқындалсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ғ. Бекмұхамедов |
Арқалық қалалық
мәслихатының хатшысы
___________ С. Тасмағанбет
04.04.2016 жылғы
Арқалық қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 112 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін және лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерін жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) әлеуметтік қызметкер.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) директоры;
2) директордың орынбасары;
3) меңгеруші;
4) әдіскер;
5) дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;
6) мұғалім;
7) оқытушы;
8) педагог – психолог;
9) қосымша білім беру педагогы;
10) әлеуметтік педагог;
11) алғашқы әскери даярлық бойынша ұйымдастырушы- педагог;
12) кітапхана меңгерушісі;
13) кітапханашы;
14) тәлімгер;
15) тәрбиеші;
16) логопед;
17) музыка жетекшісі;
18) зертханашы;
19) дәрігер;
20) мейірбике;
21) емдәмбике.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) директор;
2) библиограф;
3) кітапханашы;
4) хореограф;
5) әдіскер;
6) ауыл клубының меңгерушісі;
7) мәдени ұйымдастырушы;
8) музыка жетекшісі;
9) көркемдік жетекші.
4. Спорт мамандарының лауазымдары:
1) әдіскер.
5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
1) ветеринариялық дәрігер;
2) ветеринариялық фельдшер.