Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 166 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 маусымда № 7818 болып тіркелді. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 131 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 14.01.2021 № 11 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 15.11.2019 № 399 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 14.01.2021 № 11 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Арқалық қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 112 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін және лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерін жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6307 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Арқалық қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тіліндеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республиқалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республиқалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арқалық қаласының әкімі А. Балғарин

      КЕЛІСІЛДІ

      Арқалық қалалық

      мәслихатының хатшысы

      __________ Г. Елтебаева

  Арқалық қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 15 мамырдағы
№ 166 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 14.01.2021 № 11 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 15.11.2019 № 399 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 14.04.2020 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.01.2021 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      2) акушер;

      3) мейіргер;

      4) кеңейтілген практика мейіргері;

      5) зертханашы (медициналық);

      6) фельдшер;

      7) медициналық тіркеуші.

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      2) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18-жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      3. Алып тасталды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 14.01.2021 № 11 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

      2) библиограф;

      3) кітапханашы;

      4) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      5) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      6) музыкалық жетекші.

      5. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) әдіскер.

      6. Алынып тасталды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 14.04.2020 № 131 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады