Әкімдіктің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 337 "Қостанай облысы Арқалық қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 тамыздағы № 299 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қыркүйекте № 6623 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1174 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Арқалық қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 337 "Қостанай облысы Арқалық қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5949 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 қарашада "Арқалық хабары" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қостанай облысы Арқалық қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарын айқындау туралы", орыс тіліндегі тақырыбы өзгермейді;
      жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Т. Абишевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі А. Балғарин

  Әкімдіктің
2016 жылғы 16 тамыздағы
№ 299 қаулысына қосымша
  Әкімдіктің
2015 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 337 қаулысына
қосымша

Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар


р/с

Өлшемшарттардың атауы

Иеліктен
айыру түрлері

1

Жекешелендіру объектісін әрі қарай бақылауға мемлекеттің мүддесінің болмауы;
заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі;
ең жоғары ықтимал баға бойынша жекешелендіру объектісін сату және саудаға қатысушылардың кең тобын тарту қажеттілігі;
мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды оларды әрі қарай бақылауға мемлекеттің мүддесі болмаған кезде сату.

Сауданы аукцион нысанында өткізу

2

Заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі;
сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт ішінде жекешелендіру объектісін мемлекеттің бақылауында сақтау қажеттілігі;
ең жоғары ықтимал баға бойынша жекешелендіру объектісін сату қажеттілігі;
сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт ішінде жекешелендіру объектісін мемлекеттің бақылауында сақтау қажеттілігі болған жағдайда мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату.

Сауданы тендер нысанында өткізу

3

Сенімгерлік басқарудың, сенімгер басқарушымен, жалға алушымен (жалдаушымен) кейін сатып алу құқығымен мүліктік жалға (жалдауға) беру шартының талаптарын орындау үшін мемлекеттің бақылауын белгілі бір уақыт ішінде сақтау қажеттілігі.

Тікелей атаулы сату

      

О внесении изменений в постановление акимата от 21 сентября 2015 года № 337 "Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества города Аркалыка Костанайской области"

Постановление акимата города Аркалыка Костанайской области от 16 августа 2016 года № 299. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 21 сентября 2016 года № 6623

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1174 "О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 августа 2011 года № 920 "Об утверждении Правил продажи объектов приватизации" акимат города Аркалыка ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата города Аркалыка от 21 сентября 2015 года № 337 "Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества города Аркалыка Костанайской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5949, опубликовано 6 ноября 2015 года в газете "Арқалық хабары") следующие изменения:
      заголовок на казахском языке изложить в новой редакции, заголовок на русском языке не изменяется;
      приложение к вышеуказанному постановлению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Абишева К.Т.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким города А. Балгарин

  Приложение
к постановлению акимата
от 16 августа 2016 года
№ 299
  Приложение
к постановлению акимата
от 21 сентября 2015 года
№ 337

Критерии по выбору видов отчуждения коммунального имущества

№ п/п

Наименование критериев

Виды отчуждения

1

Отсутствие заинтересованности государства в дальнейшем контроле над объектом приватизации;
необходимость получения денежных средств в бюджет от продажи объекта приватизации в установленные законодательством сроки;
необходимость реализации объекта приватизации по максимально возможной цене и привлечения широкого круга участников торгов;
реализация ценных бумаг, принадлежащих государству, при отсутствии заинтересованности государства в дальнейшем их контроле.
Проведение торгов в форме аукциона

2

Необходимость получения денежных средств в бюджет от продажи объекта приватизации в установленные законодательством сроки;
необходимость сохранения контроля государства над объектом приватизации на определенный период времени путем установления условий продажи;
необходимость реализации объекта приватизации по максимальной возможной цене;
реализации ценных бумаг, принадлежащих государству, при наличии необходимости сохранения контроля государства над объектом приватизации на определенный период времени путем установления условий продажи.

Проведение торгов в форме тендера

3

Необходимость сохранения на определенный период времени контроля государства за выполнением условий договора доверительного управления, имущественного найма (аренды) с правом последующего выкупа доверительным управляющим, нанимателем (арендатором).

Прямая адресная продажа