Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 17.04.2025 № 124 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1174 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арқалық қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 337 "Қостанай облысы Арқалық қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5949 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 қарашада "Арқалық хабары" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қостанай облысы Арқалық қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарын айқындау туралы", орыс тіліндегі тақырыбы өзгермейді;
жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Т. Абишевке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А. Балғарин |
Әкімдіктің 2016 жылғы 16 тамыздағы № 299 қаулысына қосымша |
|
Әкімдіктің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 337 қаулысына қосымша |
Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар
№ | Өлшемшарттардың атауы |
Иеліктен |
1 |
Жекешелендіру объектісін әрі қарай бақылауға мемлекеттің мүддесінің болмауы; | Сауданы аукцион нысанында өткізу |
2 |
Заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі; | Сауданы тендер нысанында өткізу |
3 | Сенімгерлік басқарудың, сенімгер басқарушымен, жалға алушымен (жалдаушымен) кейін сатып алу құқығымен мүліктік жалға (жалдауға) беру шартының талаптарын орындау үшін мемлекеттің бақылауын белгілі бір уақыт ішінде сақтау қажеттілігі. | Тікелей атаулы сату |