Арқалық қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 124 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 18 сәуірде № 10430-10 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Арқалық қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оның Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арқалық қаласының әкімі А. Асанов

  2025 жылғы 17 сәуірдегі
  № 124 қаулысына
  қосымша

Арқалық қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Арқалық қаласы әкімдігінің "Қостанай облысы Арқалық қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы" 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 337 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5949 болып тіркелген).

      2. Арқалық қаласы әкімдігінің "Әкімдіктің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 337 "Қостанай облысы Арқалық қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 16 тамыздағы № 299 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6623 болып тіркелген).

      3. Арқалық қаласы әкімдігінің "Әкімдіктің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 337 "Қостанай облысы Арқалық қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарын айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 14 мамырдағы № 163 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9185 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады