Ескерту. Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 14.02.2018 № 175 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабы 1-тармағына сәйкес және Қостанай облысы Әулиекөл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу схемасының негізінде Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Әулиекөл ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету жүзеге асырылсын.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.
2. Осы шешім 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның төрайымы | С. Максютова |
Аудандық мәслихатының хатшысы | Д. Қойшыбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржыминистрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Әулиекөл ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________________ Г. Нұрахметова
"КЕЛІСІЛДІ"
"Әулиекөл ауданы әкімдігініңжер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
_______________ А. Бекмурзин
Мәслихаттың 2016 жылғы 29 қарашадағы № 70 шешіміне қосымша |
Әулиекөл ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету
Аймақтың нөмірі | Жер салығының базалық мөлшерлемелерін төмендету (-) немесе жоғарылату (+) пайызы |
7 | +10 |
8 | +20 |
9 | +30 |
10 | +40 |
11 | +50 |