Әулиекөл ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 70 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 желтоқсанда № 6761 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 14 ақпандағы № 175 шешімімен

      Ескерту. Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 14.02.2018 № 175 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабы 1-тармағына сәйкес және Қостанай облысы Әулиекөл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу схемасының негізінде Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Әулиекөл ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету жүзеге асырылсын.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.
      2. Осы шешім 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессияның төрайымы С. Максютова
      Аудандық мәслихатының хатшысы Д. Қойшыбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      министрлігінің Мемлекеттік кірістер
      комитеті Қостанай облысы бойынша
      Мемлекеттік кірістер департаментінің
      Әулиекөл ауданы бойынша мемлекеттік
      кірістер басқармасы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ____________________ Г. Нұрахметова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Әулиекөл ауданы әкімдігінің
      жер қатынастары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      _______________ А. Бекмурзин

  Мәслихаттың
2016 жылғы 29 қарашадағы
№ 70 шешіміне қосымша

Әулиекөл ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету

Аймақтың нөмірі

Жер салығының базалық мөлшерлемелерін төмендету (-) немесе жоғарылату (+) пайызы

7

+10

8

+20

9

+30

10

+40

11

+50


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады