Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 14 ақпандағы № 175 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 наурызда № 7568 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың келесі:

      2010 жылғы 7 шілдедегі № 189 "Қызметін Әулиекөл ауданының аумағында жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-7-121 тіркелген, 2010 жылғы 12 тамызда "Әулиекөл" газетінде жарияланған);

      2016 жылғы 29 қарашадағы № 70 "Әулиекөл ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6761 тіркелген, 2016 жылғы 29 желтоқсанда "Әулиекөл" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессияның төрағасы Ю. Волков
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Д. Қойшыбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Әулиекөл ауданы бойынша

      мемлекеттік кірістер

      басқармасының басшысы

      __________ Нұрахметова Г.К.

      КЕЛІСІЛДІ

      "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жер

      қатынастары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ________________ Бекмурзин А.Т.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады