Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 15.02.2018 № 152 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабы 1-тармағына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2015 жылғы 3 тамыздағы № 300 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5857 тіркелген, 2015 жылғы 18 қыркүйекте "Қамысты жаңалықтары - Камыстинские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жер салығының мөлшерлемелерін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 379, 381 және 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Әлиев |
Қамысты аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Қыстаубаева |
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің
Қамысты ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы" республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________С. Жалаушыбаев