Қамысты аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2018 жылғы 15 ақпандағы № 152 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 наурызда № 7574 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қамысты аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы С. Айтмагамбетова
      Қамысты аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Кстаубаева

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігінің

      Мемлекеттік кірістер комитеті

      Қостанай облысы бойынша

      Мемлекеттік кірістер

      департаментінің Қамысты

      ауданы бойынша Мемлекеттік

      кірістер басқармасы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесі басшысының

      міндетін атқарушы

      ________________ К. Жонкабаев

  Мәслихаттың
2018 жылғы "15" ақпандағы
№ 152 шешіміне қосымша

Қамысты аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Қамысты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 тамыздағы № 300 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5857 тіркелген, 2015 жылғы 16 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2. Қамысты аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 21 "Мәслихаттың 2015 жылғы 3 тамыздағы № 300 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6368 тіркелген, 2016 жылғы 24 мамырда "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3. Қамысты аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 20 "Жер салығының базалық және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін түзету туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6367 тіркелген, 2016 жылғы 24 мамырда "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады