Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 31.05.2018 № 166 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібi туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында, қоса беріліп отырған жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізуді қосымша реттеу туралы Қағидалары бекітілсін.
2. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 мамырдағы № 85 "Сарыкөл ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4153 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 шілдеде "Сарыкөл" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның төрағасы | Т.Жауғаштин |
Аудандық мәслихат хатшысы | К. Базарбаева |
"Сарыкөл ауданы әкімдігінің
ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________ Е. Бауэр
12 мамыр 2016 жыл
Сарыкөл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 мамырдағы № 23 шешімімен бекітілген |
Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидалары
1. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – Сарыкөл ауданының әкімдігі) өтініш беріледі.
2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініштерді еңбек ұжымдарының, қоғамдық бірлестіктердің немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегіз жасқа толған уәкілдері береді.
3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш оны өткізудің белгіленген датасынан кемінде он күн бұрын жазбаша нысанда беріледі. Өтініште шараны өткізу мақсаты, нысаны, өткізілетін жері немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкілдердің (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртіптің сақталуына жауапты адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұратын және жұмыс істейтін (оқитын) жері, өтініштің берілген датасы көрсетіледі. Өтініштің берілген мерзімі оның Сарыкөл ауданы әкімдігінде тіркелген күнінен бастап есептеледі.
4. Сарыкөл ауданы әкімдігі өтінішті қарайды және өтініште көрсетілген шараның өткізілетін уақытынан кемінде бес күн бұрын уәкілдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешім туралы хабарлайды.
5. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу туралы өтініш беру кезінде осы Қағидалардың 3-тармағының талаптары сақталмаған жағдайда Сарыкөл ауданы әкімдігі жіберілген бұзушылықтарды жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы ресми жауап қайтарады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның тіркелген күнінен бастап есептеледі.
6. Сарыкөл ауданы әкімдігі басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтініш жасағандарға шараны өткізудің өзге уақыты мен жерін ұсынады.
7. Жиналыстар және митингілер өткізу орындары осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
8. Шерулер және демонстрациялар өткізу маршруттары осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
9. Жиналыстар, митингілер, шерулер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуі өтініште көрсетілген мақсатқа сәйкес, белгіленген мерзімде және келісілген жерде өткізіледі.
10. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді, демонстрацияларды өткізу кезінде уәкілдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтау қажет.
11. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
1) көліктің және жаяу жүргіншілердің қозғалысына бөгет жасауына;
2) елді мекеннің инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруіне;
3) Сарыкөл ауданы әкімдігінің рұқсатынсыз киіз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
4) шараны өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуші мемлекеттік органдар өкілдерінің қызметіне кез келген нысанда араласуына;
5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтіруіне;
6) өзімен бірге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншігіне материалдық залал келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін арнайы жасалған немесе бейімделген заттарды алып жүруіне;
7) алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде қатысуға жол берілмейді.
12. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу орындарында:
1) алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі заттарды, психотроптық заттарды, соған ұқсас заттарды, прекурсорларды пайдалануға;
2) мазмұны қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға бағытталған, сондай-ақ қорлайтын транспаранттарды, ұрандарды, басқа да материалдарды (визуалды, аудио/видео), сондай-ақ көпшілік сөз сөйлеулерді қолдануға жол берілмейді.
13. Пикеттер өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.
14. Қоғамдық тәртіпті және пикет қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:
1) түрлі дара пикеттердің қатысушыларына анық көрініп тұрып орналасу қажет;
2) Сарыкөл ауданы әкімдігі бір күні және бір уақытта, бір объектіде үштен аспайтын дара пикет өткізуге рұқсат бере алады;
3) пикет өткізу кезінде пикет өткізілетін объектінің алдында орналасуға, көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға, пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, құлақтандырулар айғайлауға рұқсат етіледі.
15. Пикет жалғастырудың өзге нысаны (митинг, жиналыс, шеру, демонстрация) айқындалған жағдайда белгіленген тәртіппен Сарыкөл ауданы әкімдігінен рұқсат алу қажет.
16. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар егер:
1) өтiнiш берiлмеген болса;
2) тыйым салу туралы шешiм шығарылса;
3) оларды өткiзу кезiнде Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабында көзделген тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда Сарыкөл ауданының әкімдігі өкілінің талабы бойынша тоқтатылады.
17. Сарыкөл ауданының әкімдігі өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолданады.
18. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
19. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекетке келтiрген материалдық залалы үшiн заңда белгiленген тәртiп бойынша өтем жасалуға тиiс.
20. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткізу кезінде, оның ішінде қоғамдық тәртiптi сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және техникалық қамсыздандыру жөнiндегi барлық қосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейдi.
Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларына 1-қосымша |
Жиналыстар және митингiлер өткізу орындары
№ р/с | Жиналыстар мен митингiлер өткізілетін орындар |
1 | Тәуелсіздік көшесі бойынша аудан әкімдігі ғимаратының алдындағы орталық аланы |
2 | Тәуелсіздік көшесі бойынша бұрынғы стадионның аумағы (кадастрлық № 12-190005865) |
Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларына 2-қосымша |
Шерулер және демонстрациялар өткізу маршруттары
№ р/с | Шерулер мен демонстрациялар өткізу орындары |
1 | Тәуелсіздік көшесі бойынша бұрынғы стадионның аумағынан (кадастрлық № 12-190005865) Партизан көшесі бойынша саябағының аумағына дейін |
2 | Партизан көшесі бойынша саябағының аумағынан Тәуелсіздік көшесі бойынша аудан әкімдігі ғимаратының алдындағы орталық аланына дейін |