Мәслихаттың 2016 жылғы 12 мамырдағы № 23 "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 166 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 маусымда № 7832 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2016 жылғы 12 мамырдағы № 23 "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6397 тіркелген, 2016 жылғы 6 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессияның төрағасы,
аудандық мәслихат
хатшысының міндетін атқарушы
Г. Батуринец

      КЕЛІСІЛДІ

      "Сарыкөл ауданы әкімдігінің

      ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ____________ С. Есенгельдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады