"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 31-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген, басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидасының 10-тармағына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген), "2016 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 тамыздағы № 371 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6595 болып тіркелген) сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2016 жылы Таран ауданы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тiзiмiне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 5 қыркүйектен бастап туындайтын қатынастарға таратылады.
Таран ауданының әкімі |
Б. Өтеулин |
Әкімдіктің 2016 жылғы 12 қазандағы № 274 қаулысына қосымша |
2016 жылы Таран ауданы бойынша өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері
№ р/с | Басым ауыл шаруашылғы дақылдарының атауы | Өтінімді ұсыну мерзімі |
1 | Жаздық жұмсақ бидай | 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
2 | Күздік бидай | 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
3 | Жаздық қатты бидай | 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
4 | Сұлы | 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
5 | Арпа | 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
6 | Тары | 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
7 | Қарақұмық | 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
8 | Күздік қара бидай | 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
9 | Бұршақ | 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
10 | Аңқа | 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
11 | Жасымық | 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
12 | Күнбағыс | 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
13 | Рапс | 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
14 | Зығыр | 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
15 | Мақсары | 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
16 | Картоп | 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
17 | Картоп (тамшылатып суару) | 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
18 | Көкөністер | 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
19 | Көкөністер (тамшылатып суару) | 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
20 | Көкөністер (барлық түрдегі жылыжайларда топырақтың қорғалған жағдайларында, 2 дақыл айналымы) | 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
21 | Бақша дақылдары | 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
22 | Сүрлемдік жүгері және күнбағыс | 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
23 | Сүрлемдік жүгері (суаруға) | 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
24 | Жемшөптік дақылдар, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер | 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
25 | Жемшөптік дақылдар, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер (суаруға) | 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
26 | Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер | 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |