2016 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 тамыздағы № 371 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 тамызда № 6595 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген) сәйкес, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2016 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

  Әкімдіктің
2016 жылғы 9 тамыздағы
№ 371 қаулысымен бекітілген

2016 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары

№ қ/б

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі

1 гектарға субсидиялардың нормалары, теңге

1

2

3

1.

Жаздық жұмсақ бидай
Күздік бидай

300

2.

Жаздық қатты бидай

800

3.

Сұлы
Арпа
Тары
Қарақұмық

1500

4.

Күздік қара бидай

1000

5.

Бұршақ
Нұт
Жасымық

2000

6.

Күнбағыс

6000

7.

Рапс

4500

8.

Зығыр

6000

9.

Мақсары

3000

10.

Картоп

40000

70000 (тамшылатып суару)

11.

Көкөнiстер

50000

70000 (тамшылатып суару)

2000000 (барлық түрдегі жылыжайларда топырақтың қорғалған жағдайларында, 2 дақыл айналымы)

12.

Бақша дақылдары

20000

13.

Сүрлемдік жүгері мен күнбағыс

5000

14.

Сүрлемдік жүгері

80000 (суаруға)

15.

Жемшөптік дақылдар, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

5000

80000 (суаруға)

16.

Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер

5000

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады