Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 06.06.2018 № 190 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1 бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 189 "Қостанай облысы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5634 тіркелген) сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Таран ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Кезектен тыс сессияның төрайымы | Н. Түгелбаева |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | С. Сапабеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Таран ауданы әкімдігінің тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________ С. Балықбай
16 қараша 2016 жыл
Мәслихаттың 2016 жылғы 16 қарашадағы № 56 шешіміне қосымша |
Таран ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объекті | Есептік бірлік | 1 есептік бірлікке арналған жылдық нормасы, м3 |
1. | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,72 |
2. | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,97 |
3. | Жатақханалар, интернаттар | 1 орын | 1,30 |
4. | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 1,21 |
5. | Қонақ үйлер | 1 орын | 4,27 |
6. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,86 |
7. | Емханалар | 1 адам | 0,50 |
8. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,70 |
9. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,17 |
10. | Дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 орын | 2,20 |
11. | Концерт залдары | 1 орын | 0,32 |
12. | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 м2 | 0,13 |
13. | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,10 |
14. | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,22 |
15. | Азық-түлік дүкендері | сауда алаңы 1 м2 | 0,60 |
16. | Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,50 |
17. | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м2 | 0,40 |
18. | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | сауда алаңы 1 м2 | 0,28 |
19. | Вокзалдар, автовокзалдар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,92 |
20. | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 0,44 |
21. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциялар | 1 машина-орын | 3,40 |
22. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,91 |
23. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,54 |
24. | Аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 м2 | 1,10 |
25. | Тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 м2 | 0,62 |
26. | Шағын жөндеу және қызмет көрсету (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 1,50 |
27. | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 м2 | 1,01 |