Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы Павлов ауылдық округі әкімінің 12.03.2018 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына және "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 2 қаулысына және Қостанай облысы мәслихатының 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 135 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4094 тіркелді) сәйкес Павлов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Нелюбин селолық округі әкімінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 3 "Нелюбин селолық округі әкімінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 1 "Нелюбин селолық округі селоларының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-116 тіркелген, 2010 жылғы 3 маусымда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы мына редакцияда жазылсын:
"Нелюбин селолық округі әкімінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 1 "Павлов ауылдық округі ауылдарының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы".
1-тармағының бірінші, екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Нелюбин селолық округі әкімінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 1 "Павлов ауылдық округі ауылдарының көшелеріне атау беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-104 тіркелген, 2009 жылғы 10 желтоқсанда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін
мемлекеттік тілдегі 2 тармақтың 2), 3) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді";
орыс тіліндегі 1-тармағының үшінші, төртінші абзацы алып тасталсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлов ауылдық округінің әкімі | М. Жортынбаев |