Нелюбин селолық округі әкімінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 1 "Павлов ауылдық округі ауылдарының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы Нелюбин селолық округі әкімдігінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 3 шешімі. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 мамырда № 9-18-116 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы Павлов ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы Павлов ауылдық округі әкімінің 12.03.2018 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімінің атауы жаңа редакцияда – Қостанай облысы Таран ауданы Павлов ауылдық округі әкімінің 01.09.2016 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына сәйкес және Таран ауданы прокурорының 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 7-2-127-10 наразылығының негізінде Нелюбин селолық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Нелюбин селолық округі әкімінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 1 "Павлов ауылдық округі ауылдарының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-18-104 тіркелген, 2009 жылғы 10 желтоқсанда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Мемлекеттік тілдегі 2 тармақтың 2), 3) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгірмейді.

      "2) № 2 атаусыз көшесіне – Нижняя көшесі;

      3) № 3 атаусыз көшесіне - Верхняя көшесі.".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – Қостанай облысы Таран ауданы Павлов ауылдық округі әкімінің 01.09.2016 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Л. Мұхамедина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады