Павлов ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 1 "Павлов ауылдық округі ауылдарының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Таран ауданы Павлов ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 сәуірде № 7654 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 3 бірлескен қаулысына және Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 24 мамырдағы № 161 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7123 болып тіркелген) сәйкес, Павлов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлов ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 1 "Павлов ауылдық округі ауылдарының көшелеріне атау беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-100 тіркелген, 2009 жылғы 26 қарашада "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1-тармағы 13), 14), 15), 16), 17), 18) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13) № 13 атаусыз көшесіне – Карл Маркс көшесі;

      14) № 14 атаусыз көшесіне – Озерная көшесі;

      15) № 15 атаусыз көшесіне – Молодежная көшесі;

      16) № 16 атаусыз көшесіне – Школьная көшесі;

      17) атаусыз көшесіне № 17 – Нижняя көшесі;

      18) атаусыз көшесіне № 18 – Верхняя көшесі.".

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Нелюбин ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Таран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлов ауылдық
округінің әкімі
М. Жортынбаев

  Әкімнің
2018 жылғы 12 наурыздағы
№ 1 шешіміне қосымша

Нелюбин ауылдық округі әкімінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Нелюбин ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 1 "Павлов ауылдық округі ауылдарының көшелеріне атау беру туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-104 тіркелген, 2009 жылғы 10 желтоқсандағы "Маяк" аудандық газетінде жарияланған);

      2. Нелюбин ауылдық округі әкімдігінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 3 "Нелюбин ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 1 "Павлов ауылдық округі ауылдарының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-116 тіркелген, 2010 жылғы 3 маусымдағы "Маяк" аудандық газетінде жарияланған);

      3. Нелюбин ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 2 "Нелюбин ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 1 "Нелюбин ауылдық округі ауылдарының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4782 тіркелген, 2014 жылғы 12 маусымдағы "Маяк" аудандық газетінде жарияланған);

      4. Нелюбин ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 2 "Нелюбин ауылдық әкімінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 3 "Нелюбин ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 1 "Нелюбин ауылдық округі ауылдарының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6643 тіркелген, 2016 жылғы 20 қазандағы "Маяк" аудандық газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады